Осы электр қуатымен жүретін құралдар қызметшілерге көлік еркін қозғала алмайтын, адамдар тола жерде еркін әрекет етуге, көздеген жерге жылдам жету мүмкіндігін береді.
ERNUR.KZ. 2017 жылдың 23 қарашасы күнгі Өзбекстан Республикасының Министрлер Кабинетi "Самарқан, Бұхара, Хива және Шахрисабз қалаларында қауіпсіз туризм шараларын қамтамасыз ету туралы" шешімін орындау мақсатында Қашқадария облысы ІІБ қауіпсіз туризімді қамтамасыз ету басқармасы құрылған болатын, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
KUN.UZ сайты жазғанындай қазіргі уақытта Қашқадария облысының Шахрисабз қаласында қызмет атқарып жатқан басқарма қызметшілері жылдам және ұқыпты жұмыс атқару үшін гироскутермен жабдықталды.
Осы электр қуатымен жүретін құралдар қызметшілерге көлік еркін қозғала алмайтын, адамдар тола жерде еркін әрекет етуге, көздеген жерге жылдам жету мүмкіндігін береді.