Зеленский Украина Франциямен бірлесіп қару-жарақ шығаратынын мәлімдеді

0
338

Украина басшысы Францияға барып, Эммануэль Макронмен кездескен.


Зеленский Украина Франциямен бірлесіп қару-жарақ шығаратынын мәлімдеді

AP Photo / Efrem Lukatsky

ERNUR.KZ. Киев пен Париж бірлеске іс-қимылдың жаңа моделін талқылауға кірісті. Соның аясында Украина жерінде қару-жарақты бірлесіп шығару жоспарланып отыр. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
Украина басшысы Францияға барып, Эммануэль Макронмен кездескен.
"Францияда біз өзара әрекет етудің жаңа моделі – біздің мемлекетімізде бірлескен өндірістерді құру туралы сөйлестік. Қазір дат моделі жұмыс істеп жатыр. Оған сәйкес, әріптес мемлекеттердің үкіметтері қару-жарақ өнідірісіне инвестиция тартады. Ал француз моделін біз жаңа өндірістерді құруға инвестиция тарту мүмкіндігі ретінде қарастырып отырмыз", - деді Зеленский өзінің Telegram каналында.
Оның айтуынша, ынтымақтастықтың жаңа моделі министрліктер деңгейінде пысықталып жатыр.
Осы жұмада Данияның қорғаныс министрі Троельс Лунд Поульсен биыл инвестиция тартатын қордың құрылатынын мәлімдеді. Негізгі мақсат – украиналық қару-жарақ өнеркәсібін кеңейту және қару өндірісін шапшаңдату.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады және оларды "отпен ойнап жатыр" деп санайды.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, АҚШ пен НАТО қару-жарақ жеткізумен ғана емес, сонымен қатар Ұлыбритания, Германия, Италия және басқа да елдерде кадрларды дайындау арқылы қақтығысқа тікелей араласуда. Кремль Украинаны Батыстан қару-жарақпен қамтамасыз ету келіссөздерге көмектеспейді және кері әсер етеді деп мәлімдеді.