Зеленскийдің кеңсесі Ресеймен келіссөзден бас тартты

0
190

Зеленский бұған дейін Guardian газетіне берген сұхбатында Ресеймен келіссөз "шынайы емес" екенін айтып, одан бас тартқан болатын.


Зеленскийдің кеңсесі Ресеймен келіссөзден бас тартты

фото: Sputnik / Александр Кряжев

ERNUR.KZ. Украина президенті Владимир Зеленский кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк Киев Ресеймен келіссөз жүргізбейді және қақтығысты тоқтату үшін өз аумақтарынан бас тартпайды деп мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
"Ресей Федерациясы қандай да бір келіссөз процесіне қатысуға ниетті емес. Олар ультиматум талап етуді жалғастыруда, яғни Украина өз территориясынан ғана емес, егемендігінен айырылуы керек. Біз оқыған материалдардың 98%-ы Украинаны мәжбүрлеуге, қандай да бір талаптарға негізделген және біздің ойымызша бұл ақылға қонымсыз", - деді Подоляк Украинаның New Voice радиосында.
Зеленский бұған дейін Guardian газетіне берген сұхбатында Ресеймен келіссөз "шынайы емес" екенін айтып, одан бас тартқан болатын.