Жапон дәрігерлері Google -ды сотқа берді

0
688

Дәрігерлер америкалық компаниядан 9,5 мың доллар көлеміндегі шығынды өтеуді талап етіп отыр.


Жапон дәрігерлері Google -ды сотқа берді

ERNUR.KZ. Жапонияда бір топ дәрігер Google іздеу жүйесінің үстінен сотқа шағым түсірді, деп жазады ulysmedia.kz.

Ақ халаттылардың айтуынша, Google Maps қолданушылары елдегі медициналық мекемелер мен онда көрсетілетін қызмет түрлеріне қатысты жалған әрі негативті пікір қалдырған. Ал платформа оларды тексерместен жариялап отырған. Соның кесірінен емханалардың рейтингі күрт төмендеп кетіпті.

Дәрігерлер америкалық компаниядан 9,5 мың доллар көлеміндегі шығынды өтеуді талап етіп отыр. Гугл аталған мәселе бойынша тексеру жүргізіп, жағдайды реттеуге уәде берген.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін халықаралық салық конвенциясына сәйкес, Қазақстанда екі жылдан бері Google-ға салық салынып келгенін жазған едік.