Жапон ғалымдары АИТВ-ны жоятын вакцина жасады

0
745

Жапон ұлттық биомедициналық инновациялар, денсаулық және тамақтану институтының зерттеушілері жаңа вакцина алған жапон макакаларына сынақ жүргізген.


Жапон ғалымдары АИТВ-ны жоятын вакцина жасады

ERNUR.KZ. Жапондық зерттеушілер маймылда АИТВ-ны жойған вакцина жасады, деп жазады Tengrinews.kz.

Жапон ұлттық биомедициналық инновациялар, денсаулық және тамақтану институтының зерттеушілері жаңа вакцина алған жапон макакаларына сынақ жүргізген.

Зерттеушілердің айтуынша, жеті маймылдың төртеуі жұқтырған, бірақ кейінірек ауру макакалардың денесінде вирус анықталмаған.

Ғалымдар жануарлардың денесінде вакцинамен қоздырылған иммундық реакция АИТВ-ның жойылуына әкелді деп санайды.

Зерттеушілер шамамен бес жылдан кейін адамдарға клиникалық сынақтарды бастайтындарына үміттенеді.

Бұған дейін ресейлік ғалымдар өздері әзірлеген препарат АИТВ-ны емдеп жаза алатынын айтқан еді.