Жапонияда су астындағы жанартау оянды

0
1 020

Жапондық метеорологтар аймақтағы кемелерді сақтық шараларын күшейтуге шақырды.


Жапонияда су астындағы жанартау оянды

ERNUR.KZ. Метеорологтар Огасавара аралдарындағы кемелерді сақтық шараларын күшейтуге шақырды, деп жазады baq.kz.

Су астындағы жанартаудың атқылауы Жапонияның алыс орналасқан Огасавара аралдарының аймағында, Токио оңтүстігінде болды. Бұл туралы жұма күні сейсмологиялық қызмет ретінде де жұмыс істейтін елдің ұлттық метеорологиялық кеңсесі хабарлады.

ТАСС агенттігі таратқан мәлімет бойынша, жапондық метеорологтар аймақтағы кемелерді сақтық шараларын күшейтуге шақырды.