Жапонияда жанартау атқылауынан кейін жаңа арал пайда болды

0
830

Кішкентай ғана құрлық Тынық мұхитының батыс бөлігінде орналасқан.


Жапонияда жанартау атқылауынан кейін жаңа арал пайда болды

ERNUR.KZ. Токиодан оңтүстікке қарай 1200 шақырым жерде теңіз астындағы жанартаудың атқылауы нәтижесінде Жапония тағы бір аралға ие болды, деп жазады Inbusiness.kz.

Сарапшылардың пікірінше, кішкентай арал Тынық мұхитының батысындағы Огасавара аралдар тізбегінің бөлігі болып табылатын Ивото аралы аймағында қазан айында басталған бірнеше атқылаудан кейін пайда болды, деп хабарлайды The Guardian.

Токио университетінің жер сілкінісін зерттеу институтының доценті Фукаши Маэно атқылаулардың нәтижесінде құрлық пайда болғанын айтты.

Ивото аралы 2021 жылы атқылау кезінде пайда болған тағы бір жаңа аралдың жанында орналасқан. Айта кетейік, Ивото аралы 2007 жылға дейін Иво Джима деп аталды.

Маэноның айтуынша, аралдың жақында пайда болуы бұл аймақтағы магмалық белсенділіктің жаңарғанының дәлелі. Егер аралда атқылау жалғаса берсе, көлемі үлкейіп, пішіні өзгеруі мүмкін, алайда ол су астында да жоғалып кетуі мүмкін. Ауданда 1904, 1914 және 1986 жылдары осылай қалыптасқан аралдар эрозия салдарынан жойылып кеткен.