Жас жұбайларға 30 күндік ақылы неке демалысы енгізілді

0
607

Негізінен Қытайдағы ең төменгі ақылы демалыс 3 күнді құрайды.


Жас жұбайларға 30 күндік ақылы неке демалысы енгізілді

ERNUR.KZ. Қытай провинциялары бала туу көрсеткішін арттыру үшін жас жұбайларға 30 күндік төленетін неке демалысын беру туралы шешім қабылдады, деп жазады stan.kz.

Негізінен Қытайдағы ең төменгі ақылы демалыс 3 күнді құрайды. Бірақ ақпан айынан бастап провинциялар некеден кейін демалыс берудің өз ережелерін белгілей бастады.

People's Daily Health басылымының хабарлауынша, солтүстік-батыс Ганьсу провинциясы мен көмір өндіруші Шаньси провинциясы қазір ең көбі 30 күндік ақылы "неке демалысын" береді. Ал Шанхайда 10 күн, Сычуаньда әзірге 3 күн берілуде.

Оңтүстік-Батыс қаржы және экономика университетінің Әлеуметтік даму зерттеу институтының деканы Ян Хайянның сөзінше неке демалысын ұзарту туу көрсеткішін арттырудың тиімді әдісі.

Ол мұндай шараларды негізінен экономикасы салыстырмалы түрде баяу дамыған кейбір провинциялар мен қалаларда енгізу туралы шешім қабылданғанын түсіндірді.