​Жатын бөлмесіндегі биін Instagramға жүктеген бойжеткен тұтқындалды

0
1 801

Бойжеткен моральдық қағидаларды бұзып, басқаларды көңіл көтеруге шақырғандықтан тұтқындалды.


​Жатын бөлмесіндегі биін Instagramға жүктеген бойжеткен тұтқындалды

ERNUR.KZ.Иранда бойжеткен жатын бөлмесінде билегені үшін тұтқындалды. 18 жастағы Маэде Ходжабри үйде көңіл көтеріп, оны Instagram желісіне жүктегені үшін айыпталды, деп хабарлайды Today.kz The Independent сайтына сілтеме жасап.


Бойжеткен моральдық қағидаларды бұзып, басқаларды көңіл көтеруге шақырғандықтан тұтқындалды. Дәстүрлі хиджаб кимей отырғаны да жағдайды ушықтырған.

Басылымның жазуынша, бойжеткен иран билігіне өзінің кінәсіз екенін дәлелдей алмауы мүмкін. Соңғы айда ел бойынша осындай айыппен үш адам тұтқындалған. Кейін бәрі кепілдікпен босатылған.

Иран мемлекеттік арнасынан бойжеткен бұндай видеоны гимнастикамен айналысатынын көрсету үшін және желідегі оқырман санын көбейту үшін салғанын айтқан.

Маэде би билеп 300 видео жүктеген. Оның ішінде дәстүрлі иран биінен бастап заманауи биге дейін бар.

Бойжеткеннің парақшасын 70 мың адам оқиды.