Желіде әскери қызметтегі қыздардың эротикалық биі тарады (видео)

0
10 643

Видео кадрларында бірнеше қыздың іш киіммен би билегенін көруге болады. Олардың бірі қолына ағаш ұстап, әдепсіздеу қимылдайды.


Желіде әскери қызметтегі қыздардың эротикалық биі тарады (видео)

ERNUR.KZ. Украиналық шекарашы қыздардың эротикалық биі Желіде тарап кетті, деп жазады tengrinews.kz.

Украинаның Черкасск облысындағы Оршанец ауылында шекара қызметінің жас қызметкерлері іш киіммен би билеген. Бұл туралы Facebook желісінде осы оқиғаның видеосын жариялаған Підслухано в Великих Мостах тобы хабарлады.

"Шекараның жаңа әлпеті, шекарашылар салтанаттан кейін қоза түсті. Бұл видео Оршанецтен, қарап көріңіздер, бұл қыздар Мостта да қызмет еткен деген қауесет бар", - делінген ролик сипаттамасында.

Видео кадрларында бірнеше қыздың іш киіммен би билегенін көруге болады. Олардың бірі қолына ағаш ұстап, әдепсіздеу қимылдайды. Қолданушылар бұл видеоға қатысты пікір жаза отырып, пікірі екіге жарылды. Біреулері қыздардың өз бөлмесінде жұмыстан тыс уақытта не істесе де өзі біледі дегенді айтса, басқалары шекара қызметкерлерінің бұл қылығы органдардың атына кір келтіреді деп ұйғарды.