"Жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған": Иранда хиджабқа қарсылығын білдіріп, көшеде жалаңаш жүрген қыз ұсталды

0
256

Тегерандағы университет қалашығында хиджаб киюге қарсылығын білдіріп, жалаңаш жүрген қыз қамауға алынды.


Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. 2 қарашада Иранда сырт киімін шешіп, университет қалашығын аралаған қыз ұсталды. Осыдан кейін ол жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағаны айтылды, деп жазады stan.kz.

Тегерандағы университет қалашығында хиджаб киюге қарсылығын білдіріп, жалаңаш жүрген қыз қамауға алынды. Бұған дейін ол хиджабты дұрыс кимегені үшін қауіпсіздік күштері тарапынан физикалық қысымға ұшыраған.

X желісінде тараған видео көпшіліктің назарын аударды. Олар қызды батылдығы үшін мақтап, қолдау білдірген.

Әзірге қыздың кім екені туралы мәлімет жоқ.

Amnestry Iran X желісінде оны дереу босатуды талап ететін жазба жарияланды. Ұйым әйелді бостандыққа шығаруды, оны "азаптау мен басқа да қатыгездіктерден" қорғауға шақырды. Сондай-ақ отбасымен және адвокатымен кездесуіне рұқсат беруді талап етті.

"Тұтқындау кезінде студентті ұрып-соғу және жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық туралы мәлімдемелер тәуелсіз және бейтарап тергеуді қажет етеді", – деді ұйым.

Университеттің коммуникациялар директоры Саид Амир Махджуб қауіпсіздік қызметкерлері студентті полицияға тапсырғанын және оған қарсы күш қолданылмағанын айтты. Оның сөзінше, бастапқы тергеу қыздың психологиялық ауытқуға және қатты күйзеліске ұшырағанын көрсеткен.

Айта кетейік, бұған дейін Иранда сырт киімін толық шешіп, хиджаб киюге қарсылығын білдірген қыз туралы жазған едік. Оқиға бойжеткен білім алып жүрген университет аумағында болған.