​БЖЗҚ-дан емделуге алынған қаражаттың 83 пайызы стоматологиялық қызметтерге жіберілді

0
2 575

БЖЗҚ емделуге берілген 22 млрд теңгеден астам сомаға 23 602 өтінішті орындады.


​БЖЗҚ-дан емделуге алынған қаражаттың 83 пайызы стоматологиялық қызметтерге жіберілді

2021 жылдың 22 шілдесіндегі жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалануға берген 360 615 өтінішін орындады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Уәкілетті оператор – банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 1,6 трлн теңгеден аса қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – шамамен 4,5 млн теңге.

Орындалған өтініштердің ең көбі Алматы қаласының (16,6%),Маңғыстау облысының (15,2%), Нұр-Сұлтан қаласының (12,9%) тұрғындары тарапынан жолданған. www.enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөліміндесалымшылардың біржолғы зейнетақы төлемдерін қандай мақсаттарға пайдалануды жоспарлайтыны туралы егжей-тегжейлі ақпарат орналастырылған. Мұндай ақпарат өңірлер бөлінісінде де берілген («Мақсаттар бойынша тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдері» және тиісінше «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдері» шағын бөлімдері).

Қазіргі уақытта зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға өтініштерді қабылдайтын уәкілетті операторлар «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Банк Фридом Финанс Казахстан» АҚ болып табылады. Орындалған өтініштердің едәуір (орындалған өтініштердің жалпы санының 95,3%)бөлігі «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, одан әрі «Қазақстан Халық банкі» АҚ (3,8%), «Банк ЦентрКредит» АҚ (0,9%), «Altyn Bank» АҚ (0,03%) және «Банк Фридом Финанс Казахстан» АҚ (0,01%) арқылы берілді.

Естеріңізге саламыз, біржолғы зейнетақы төлемі уәкілетті операторда («Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ) ашылған арнайы шотқа түскеннен кейін алушы уәкілетті операторға біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы мақсатын растайтын құжаттарды олар келіп түскен күннен бастап 45 жұмыс күні ішінде (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларының 13-тармағына сәйкес) ұсынады. Уәкілетті операторға растаушы құжаттар белгіленген мерзімде берілмеген жағдайда, бұл қаражат БЖЗҚ-ға қайтарылады.

Салымшы, сонымен қатар көрсетілген мерзімді күтпей-ақ, аударылған соманы «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ға тиісті өтініш беру арқылы БЖЗҚ-ға қайтара алады, оны банк алушыдан қайтаруға өтініш алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде орындауға міндетті.

Айта кетейік, уәкілетті операторлардан салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша 194 млрд теңгеден аса сома қайтарылды, себебі,қазақстандықтарбіржолғы зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде пайдаланбаған.

Сондай-ақ, БЖЗҚ емделуге берілген 22 млрд теңгеден астам сомаға 23 602 өтінішті орындады. Бұл ретте алуға болатын орташа сома шамамен 1 млн теңгені құрайды. Сонымен қатар, салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ-на уәкілетті оператордан («Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ) 3,6 млрд теңге қайтарылды, бұл қаражат өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша белгіленген мерзімде пайдаланылмаған. Зейнетақы жинақтарын емделуге пайдалану жөніндегі өзекті статистикамен www.enpf.kzсайтындағы«Көрсеткіштер» – «Емделуге берілетін біржолғы зейнетақы төлемдері» бөлімінен танысуға болады.

Емделуге берілген өтініштердің едәуір бөлігі стоматологиялық қызметтерге (барлық орындалған өтініштердің 82,96%), офтальмологиялық қызметтерге (7,65%), орфандық ауруларды емдеуге (0,95%) және басқа да қызметтерге (8,44%) бағытталғанын атап өткен жөн.

Ағымдағы жылдың 22 шілдесіндегіжағдай бойыншаинвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) 4,6 млрд теңге аударылды. БЖЗҚкеліп түскен 2 915 өтініштің 2 275-сінорындады. Аударымның орташа сомасы шамамен 2 млн теңге. Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру бойынша егжей-тегжейлі статистика да enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» – «Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға сенімгерлік басқаруға беру»бөлімінде жарияланып отырады.

Қазіргі уақытта БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқару туралы төрт ИПБ-мен шарт жасасты. Сіз бұл туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын enpf.kzвеб-сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі»бөлімінен көре аласыз. Айта кетейік, 4,6 млрд теңгенің 43,7% немесе 2,0 млрд теңгесі«Jusan Invest» АҚ, 28,2% немесе 1,3 млрд теңгесі«Halyk Global Markets» АҚ, 18,2% немесе 0,8 млрд теңгесі «BCC Invest» АҚ, 9,9% немесе 0,5 млрд теңгесі«Сентрас Секьюритиз» АҚ аударылды.

БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алғаннан кейін ИПБ оларды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген және ИПБ инвестициялық декларациясында көзделген рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды.

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңға сәйкес, ИПБ инвестициялық басқаруды жүзеге асырғаны үшін комиссиялық сыйақы алуға құқылы. ИПБ сыйақысының шекті шамасы алынған инвестициялық табыстың 7,5% аспауы тиіс. Комиссиялық сыйақының нақты шамасын жыл сайын ИПБ-ның басқарушы органы бекітеді және ол жылына бір рет қана өзгеруі мүмкін.

Салымшы зейнеткерлік жасқа толғанға дейін Ұлттық Банктің басқаруында болатын зейнетақы жинақтарына инфляция деңгейі ескеріліп отыратын сақталу кепілдігі қолданылады. Зейнетақы жинақтары ИПБ-ның басқаруына аударылған жағдайда, мемлекеттік кепілдік басқарушы компанияның зейнетақы активтерінің ең төменгі кірістілік деңгейін қамтамасыз ететін кепілдігімен алмастырылады. Кірістіліктің ең төменгі деңгейі нарықта әрекет ететін ИПБ-ның басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігін негізге ала отырып есептелінеді.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).