COVID-19: Жазылып шыққандардың көбісінде синдром белгілері бәрібір байқалады

0
3 520

Постковидтық синдромның жиі көріністері әлсіздік, концентрацияның нашарлауы, ұйқы мен есте сақтау, депрессия жағдайлары және қатты көңіл-күйдің өзгеруі жатады.


COVID-19: Жазылып шыққандардың көбісінде синдром белгілері бәрібір байқалады

ERNUR.KZ. Иммунолог-дәрігер Николай Крючков COVID-19-дан жазылып шыққан әрбір бесінші адам постковидтық синдром белгілерінің байқалатынын мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Ол бұл көбінесе созылмалы аурумен ауыратын қарт адамдарда кездесетіндігін, бірақ жастар арасында да болуы мүмкін екендігін жоққа шығармады.
Дәрігердің айтуынша, постковидтық синдромның жиі көріністері әлсіздік, концентрацияның нашарлауы, ұйқы мен есте сақтау, депрессия жағдайлары және қатты көңіл-күйдің өзгеруі жатады екен.

Жүректің соғысында ауытқулар болуы мүмкін. Өкпенің қатты зақымдануына байланычты тыныс алу жеткіліксіздігі сақталуы ықтимал. Сондай-ақ кеуде мен іштің ауыруы, ас қорыту жүйесінің бұзылуы болады. Жалпы бұлшықеттер мен бастың жиі ауруы кездеседі, - дейді Крючков.

Ол осы осы белгілердің кез-келгені пайда болса, дәрігерге қаралу керектігін, себебі бұл белгілер созылмалы түріне ауысуы мүмкін отыр.