Қантсыз диеталық газды сусын да жақсы емес.
ERNUR.KZ. Дәрігерлер мен диетологтар газдалған сусындардың миға зияны барын ескертеді, деп жазады zakon.kz.
Eat this, not that басылымы атап өткендей, кофеин қосылған газдалған сусын тәуелділікті тудыруы мүмкін.
Газдалған сусын құрамындағы кофеинді үнемі тұтыну миды химиялық өзгерістерге әкеліп соғуы мүмкін, соның салдарынан өзіңіз және миыңыз да оны қайта-қайта ішкісі келіп, сұрай бастайды, деп түсіндіреді америкалық диетолог Бриттани Любек.
Кофеині бар газдалған сусын ұйқыға да зиян келтіреді, деп ескертеді британдық дәрігер Крис Айри.
Sleep Health ғылыми журналында 2017 жылы жарияланған зерттеуде ұйқы ұзақтығының қысқаруын кофеин бар газдалған сусынды көп мөлшерде тұтынумен байланыстырылады.
Кофеині жоқ газдалған сусын да зиянды болуы мүмкін. Америкалық трофолог (тамақтану ғылымдарының маманы) Эмили Э. Нобл бала кезінде газды сусынды көп ішкен адамдардың кейінірек есте сақтау қабілеті бұзылуы мүмкін екенін айтады.
Қантсыз диеталық газды сусын да жақсы емес.
2017 жылғы зерттеу диеталық газды сусынды тұтыну инсульт пен деменция қаупінің жоғарылауымен байланысты деген қорытынды жасады,- дейді америкалық диетолог Холли Клеймер.
Қанттың орнына басқа тәттіні қолданатын газдалған сусынды жиі тұтынатын адамдар инсульт пен Альцгеймер ауруына үш есе жиі ұшырайды, делінеді Stroke ғылыми журналында жарияланған зерттеуде.