Қарыз алушылардың назарына: микроқаржы ұйымдарымен даулы істі сотқа дейін жеткізбей қалайша шешуге болады

0
1 946

Қазіргі уақытта микроқаржы омбудсманы Башанов Серікбай.


Қарыз алушылардың назарына: микроқаржы ұйымдарымен даулы істі сотқа дейін жеткізбей қалайша шешуге болады

Азаматтар микрокредиттерге байланысты барлық проблемалық мәселелер жөнінде тегін консультациялар ала алады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған қызметті Микроқаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі орталық және Қазақстан микроқаржы ұйымдары қауымдастығының (ҚМҚҰҚ) жанында қызмет ететін микроқаржы омбудсманы көрсетеді.

Қарыз алушы-жеке тұлғаларға МҚҰ-мен даулы мәселелерді сотқа дейінгі тәртіпте қалайша реттеуге болатыны жөнінде толығырақ біліңіздер.
Микроқаржы ұйымдарымен өзара іс-әрекеттесу кезінде құқықтары аяқ асты болған қарыз алушылардың құқықтарын қорғау үшін 2022 жылғы қыркүйекте Қазақстанда ҚМҚҰҚ жанында арнайы орган – Микроқаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі орталық (Орталық) және қарыз алушылар мен МҚҰ арасындағы дауларды және келіспеушіліктерді шешу үшін микроқаржы омбудсманы құрылды.
Қазіргі уақытта микроқаржы омбудсманы Башанов Серікбай болып табылады, ол қаржылық бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда және банктерде басшы лауазымдарында көп жылдар бойы қызмет атқарған.
МҚҰ қарыз алушылары қандай сұрақтармен өтініш бере алады?
Қаржылық қиындықтарға тап болған қарыз алушылар Орталыққа мынадай мәселелер бойынша өтініш жасай алады:
- МҚҰ алдындағы берешекті қайта құрылымдау кезінде тегін және жедел жәрдем алу (төлемді кейінге қалдыру мүмкіндігін, өтеудің жаңа кестесін алу және т.б.);
- егер МҚҰ клиентпен кездесуге барудан бас тартса немесе оның өтінішіне мүлдем жауап бермесе, шағымдар мен өтініштер беру;
- МҚҰ қызметкерлері тарапынан заңнаманы бұзу немесе қорлау т.б. сияқты әдепсіз әрекеттер бойынша шағымдар мен өтініштер беру.
Өз кезегінде омбудсман егер МҚҰ қарыз алушының проблемасын шешуден бас тартса, микроқаржы ұйымы мен қарыз алушы арасындағы микрокредит беру туралы шарттан туындайтын дауларды реттеуге көмектеседі.
Омбудсманға жүгінер алдында не істеген дұрыс ?
Микроқаржы омбудсманына жүгінбес бұрын, алдымен кредитормен даулы мәселені өз бетінше реттеу жөнінде шаралар қабылдау қажет. Ол үшін жазбаша немесе электронды түрде жазылған өтінішпен микроқаржы ұйымына хабарласуды ұмытпаңыз. МҚҰ күнтізбелік 15 күн ішінде өтінішіңізді қарап, оған жауап беруге міндетті.
Егер ортақ мәмілеге келу мүмкін емес болса, онда сіз Орталықтың көмегіне жүгіне аласыз. Алайда, егер Орталыққа жүгінгеннен кейін МҚҰ қабылдаған шешім сізді қанағаттандырмаса, онда омбудсманға жүгінуге құқығыңыз бар.
Омбудсманға өтінішті қалай беруге болады?
1-қадам. Мынадай құжаттар тізбесін жинаңыз:
Жеке куәлік;
Микрокредит беру туралы шарт;
Өтеу кестесі;
Микрокредит беру туралы шартқа қосымша келісім (бар болса);
Микроқаржы ұйымына өтініштер/жолданымдар;
Жылжымайтын мүлік кепілі туралы шарт (бар болса);
Жылжымайтын мүлік кепілі туралы шартқа қосымша келісім (бар болса);
Омбудсманға жүгінгенге дейін МҚҰ-мен даулы мәселелерді реттеу әрекеттерін растайтын құжаттар (өтініштер/жолданымдар/МҚҰ жауаптары (бар болса).
Ағымдағы күнге несие берешегінің қалдығы туралы анықтама, оған: негізгі борыштың, оның ішінде мерзімі өткен борыштың қалдығы; есептелген сыйақы, оның ішінде мерзімі өткен сыйақы; есептелген және төленген айыппұлдар; төленген негізгі борыш/сыйақы сомалары кіреді.
2- қадам. Өтінішті толтырыңыз, оның нысанын омбудсманның https://mfohelp.kz/ сайтынан жүктеуге болады және өтінішті жоғарыда аталған барлық құжаттарды қоса бере отырып, manager@mfohelp.kz электрондық пошта мекенжайына жіберіңіз.
3- қадам. Екі нысанды толтыра отырып, дербес деректерді жариялауға келісім беру қажет:
Микрокредит беру құпиясын жариялауға келісім;
Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім. Келісім нысандары микроқаржы омбудсманының сайтында көрсетілген.
Орталыққа қалай жүгінуге болады?
Микроқаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, оның ішінде микрокредит бойынша төлемді кейінге қалдыруды ұсынудың барлық мәселелері бойынша Сіз Орталыққа мынадай: +7 771 933 34 44 нөмірі арқылы хабарласа аласыз.