​Қазақстанда EcoBusinessLab эко-жобасына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталды

0
3 871

Іріктеу турына қатысуға 20-40 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары шақырылады.


​Қазақстанда EcoBusinessLab эко-жобасына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталды

ITeachMe компетенцияларды дамыту орталығы қоғамдық қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте іске асыратын «EcoBusinessLab» эко-жобасының екінші маусымына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қоғам антропогендік факторлардың теріс әсерін азайтуға қатысты жобаларды құру туралы көбірек ойлана бастады. Бизнес-жобалар да ерекшелік емес. Бірақ, өкінішке орай, пандемия мен экономиканың «тоқтап қалуы» кәсіпкерліктің дамуына кері әсерін тигізді.

«EcoBusinessLab» -инновациялық зертхана, онда әрбір адам инновациялық тәсілмен аралас форматтағы тегін оқытудан өтіп, эко-кәсіпкерлікті жүргізу дағдыларын меңгере алады.

Оқу бағдарламасына мыналар кіреді:

- үш күндік офлайн-лагерь (шығындар қормен өтеледі)

- "экология" және "кәсіпкерлік" курстары бойынша екі апталық онлайн-курс;

- "идеядан прототипке дейін" қағидаты бойынша кәсіби трекерлердің екі айлық онлайн-тәлімгерлігі;

- "әмбебап дизайнды" қолдану бойынша жобаны сараптау;

- финал және жобаны қорғау;

- шағын гранттар.

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі кәсіби курстардың инновациялық құрамдас бөлігі табиғат пен қоршаған орта үшін толығымен қауіпсіз бизнес-идеяны іске асыруға мүмкіндік беретін эко-трендтер мен әмбебап дизайнды қолдану болады.

Іріктеу турына қатысуға 20-40 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары шақырылады. Қатысу үшін келесі сілтемемен өтіп: https://docs.google.com/forms/d/1usoNwFzGZeVjzrCZG7hP6CxqpVplGMpHs17AToyKx1A/edit

, 2022 жылғы 15 мамыр күні Нұр-сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 18:00-ге дейін өтініміңізді қалдыру қажет.

Толығырақ ақпарат Қордың ресми сайтында iteachme.kz. Қосымша сұрақтарыңызды келесі электрондық поштаға жіберіңіз: iteachme2020@gmail.com, немесе +7 702 286 27 16 (whatsapp) нөміріне қоңырау шалыңыз.

Естеріңізге сала кетейік, «EcoBusinessLab» пилоттық жобасының алғашқы маусымы Қазақстанда 2021 жылы «Шеврон» компаниясымен серіктестікте жүзеге асырылған болатын. Оқу соңында 21 жобаның ішінен 6 үздік жоба таңдалып, оларды әзірлеуге 150 000 теңгеден 350 000 теңгеге дейін шағын гранттар берілді.

«ITeachMe» құзіретті дамыту орталығықызметі тең мүмкіндіктер құруға және әркімнің әлеуетін ашуға бағытталған Қоғамдық қоры. Біз ҮЕҰ , бизнес секторы және мемлекет өкілдерін тең мүмкіндіктері бар инклюзивті қоғам құру үшін біріктіреміз, заманауи мамандықтарға оқытамыз және өзіңіздің ең жақсы нұсқасы болуыңызға шабыттандырамыз. Біз туралы толық ақпарат iteachme.kz сайтында.

«Шеврон» - дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз табысты да тұрақты әлем құруда қолжетімді, сенімді әрі таза энергияның рөлі зор деп санаймыз. "Шеврон" мұнай мен табиғи газ шығарады, транспорттық отын, жанар-жағармай және мұнайхимия өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады. Біз өз операцияларымыздағы көміртегі көлемін төмендетуге және дәстүрлі бизнес бағыттарымызбен қатар көміртегі аз бизнесті дамытуға ұмтыламыз. «Шеврон» туралы қосымша ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуға болады.