Қазақстанда коронавирустан айыққандар медициналық сақтандыру арқылы қалай оңалтудан өте алады?

0
3 916

Бұл сұраққа әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі жауап берді.


Қазақстанда коронавирустан айыққандар медициналық сақтандыру арқылы қалай оңалтудан өте алады?

ERNUR.KZ. Коронавирустан ауырып, жазылғаннан кейін МӘМС жүйесі арқылы оңалтудан қалай өтуге болады. Бұл сұраққа әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі жауап берді, деп жазады Stan.kz.


"Ең алдымен, өзіңізді емдейтін дәрігерге хабарласыңыз. Емханадағы дәрігер оңалту дәрігерінің немесе мультидисциплинарлық топтың Кеңесіне жолдама береді. Олар жағдайды бағалайды және қалпына келтіру шараларының қажетті курсын таңдайды. Ем шаралары тыныс алуды қалыпқа келтіруге, асқынуларды азайтуға, өмір сүру сапасын арттыруға және мазасыздық пен депрессия белгілерін жеңілдетуге бағытталған", - дейді мамандар.


Оған қоса, коронавирустан үйден емделген науқастарға да бұл мүмкіндік қарастырылғаны белгілі болды.


"Үйде емделген және медициналық ұйымдарға жүгінбеген азаматтар да коронавирустан кейін денсаулығын оңалту шараларынан өте алады. Олар үшін әрекеттер алгоритмі бірдей", - дейді қор.


Сондай-ақ, қор медициналық оңалту функционалдық бұзылу дәрежесіне байланысты стационарлық және амбулаториялық жағдайда да жүргізілуі мүмкін екендігін ескертеді.