Коронавирус: Адамның көңіл-күйі иммунитетті көтеруге қалай әсер етеді

0
3 378

Дәрігер коронавирус тақырыбы өзекті болып тұрған кезде иммунитетті көтеру мәселесіне қоғам ерекше назар аударып отырғанын айтады.


Коронавирус: Адамның көңіл-күйі иммунитетті көтеруге қалай әсер етеді

ERNUR.KZ. Астана медицина университеті Профилактикалық медицина және нутрициология кафедрасының доценті Роза Сүлейменова коронавирус жүқтырмас үшін иммунитетті қалай нығайтуға болатынын айтып берді, деп жазады ҚазАқпарат.

Дәрігердің айтуынша, індеттің таралуын ушықтырмас үшін профилактикалық шаралар назарда болуы кере. Тұрғындар көбіне дүкен мен дәріханаға баралды. Бұл нысандарда кейде кезек болып жатады. Сондықтан ара қашықты сақтауға мән берген маңызды болып тұр. Үйден шыққанда медициналық масканы тағып, арнайы қолғап киіп, қолға антисептик алу қажет. Үйге кірген бойда қолымызды сабынмен жуамыз. Мұнымен қоса, бөлмені күніне кеміне бірнеше рет желдеткен жөн, сондай-ақ ылғалды тазалық шараларын жүргізуге керек.


«Өз бетіңізше емделмей, әуелі емханадағы учаскелік дәрігермен немесе жедел жәрдемге хабарласып, сондағы мамандармен ақылдасуға шақырамын. Басыңыз ауырып, құрғақ жөтел, ентігу пайда болса, дене қызуы көтеріліп, иіс сезуден айырылсаңыз, әлсіздік пен тершеңдік сезінсеңіз, бірден мамандармен кеңесіп, ем алыңыз», - деп түсіндірді Роза Сүлейменова.


Дәрігердің сөзіне қарағанда, коронавирус тақырыбы өзекті болып тұрған кезде иммунитетті көтеру мәселесіне қоғам ерекше назар аударып отыр. Осы орайда ол қандай тағамдарды жеу керектігін айтты.


«Ең бастысы – иммунитетті әлсіретпей, дұрыс тамақтану керек. Иммунитетті көтеру тақырыбына тоқталсақ, ақуызы көп тағамдарды алу керек. Оларға балық, тауық, ірі қара, соның ішінде жылқы еті жатады. Осылардың сорпасының құрамында ақуыз көп. Сол себепті бұл тағамдарды міндетті түрде ескерген маңызды. Сонымен қатар, түрлі жаңғақты алу керек. Иммунитетті көтеру үшін 30-40 пайызын ақуыздан құрасақ, қалған 50-60 пайызын көкөніс пен жеміс-жидек арқылы қамтыған дұрыс болады», - деді маман.


Бұлар табиғи өнім болғандықтан, С витаминінің көзі. Атап айтқанда, сұйықты көп ішкен абзал. Күніне 3-5 литрге дейін су, компот және морс ішуге болады.

Бұдан бөлек, адамның көңіл-күйі иммунитетті көтеруге ерекше әсер етеді. Күйзеліске түспеген дұрыс. Егер көңіл-күйіміз жақсы болып, жігерленіп жүрсек, иммунитет те жақсы көтеріледі.


«Сары уайымға салынып жүрсе, иммунитет те әлсірейді. Сондықтан үнемі жақсылықтан үміт ету керек. Ешқашан байбалам салмай, уайымдамай, барынша сабыр сақтаған жөн. Иммундық жүйе осыған тікелей байланысты», - деді Роза Сүлейменова.