Коронавирус ағзада қанша уақыт сақталады – ғалымдар жауабы

0
2 800

79 ғылыми еңбек негізінде жүргізілген зерттеулер қорытындысы жарияланды.


Коронавирус ағзада қанша уақыт сақталады – ғалымдар жауабы

ERNUR.KZ. «Ланцет» ғылыми журналында коронавирус инфекциясы жайында 79 ғылыми еңбек негізінде жүргізілген зерттеулер қорытындысы жарияланды. Ғалымдар COVID-19 жұқтырғаннан кейін адам ағзасында орта есеппен қанша уақыт сақталатынын зерттеген, деп жазады Azattyq Rýhy.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметінше, нәтижелер төмендегідей болған:

  • Жоғарғы тыныс жолдарында вирус 17 күн «өмір сүреді».
  • Өкпеде -14,6 күн.
  • Нәжісті талдауында -17,2 күн.
  • Қан анализінде -16,6 күн.

Алайда, кейбір жағдайларда вирустың сақталу ұзақтығы орташа көрсеткіштен едәуір асып кетеді.

Зерттеу нәтижелері нені білдіреді? Демек, ғалымдар ПТР-тестінің оң нәтижесі аурудың нақты жағдайы туралы толық түсінік алды.

«Бұл зерттеу адамдардың өздері жұқтырғаннан кейін инфекцияның аса жұқпалы болатынын көрсетеді – COVID-19 әсіресе ауру белгілерінің басталуы мен жұқтырғаннан кейінгі бесінші күн арасындағы кезеңде өте белсенді болады», - дейді зерттеу авторларының бірі доктор Муге Чевик.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, санитариялық дәрігерлердің барлық нұсқауларын орындау маңыздылығы артады, өйткені, симптомсыз коронавирусқа шалдыққан болсаңызда айналаңыздағыларға қауіпті болып қала бересіз.