ERNUR.KZ. Бұл туралы Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы директорының орынбасары Денис Дживага ішкі істер министрлігі ұйымдастырған онлайн брифинг барысында айтты, деп жазады baq.kz.
Біздің ұйым 10 жылдан бері азаматтығы жоқ адамдардың мәселесімен айналысып жүрміз. Азаматығы мен құжаты жоқ адамдар-көрінбейтін жандар. Яғни, олар туралы мемлекет те хабарсыз. Бұл ұлттық қауіпсіздік жағынан да маңызды болып отыр. Ол адамдардың құжаты болмаған соң барлық қызметті құжаттандырылғандар сияқты ала алмайды. Олар балаларын ресми оқыта алмайды. Бұл – үлкен мәселе, - деді ол.
Денис Дживаганың айтуынша, азаматтығы жоқ азаматтар еш жерде ресми жұмыс та істей алмайды.
Сол үшін де олар кеден және өзге салықтарды өтей алмай жатады. Бұл орайда біз құқықтық кеңестер жүргіземіз. Алайда біз құжаттандыра алмаймыз. Сондықтан оларды ішкі істер министрлігіне бағыттаймыз. Осы кампания аясында азаматтығы жоқ адамдарға барынша көмек көрсетеміз деп ойлаймын, - деді ол.
Оның айтуынша, көп адам зейнет жасына жеткен кезде жүгініп жатады.
Себебі олар зейнетақыны рәсімдей алмай жатады. Бізге қолжетімді, қарапайым қызметтердің барлығын құжаты мен азаматтығы жоқтар ала алмайды. Олар барлығын ресми емес жолмен алады. Қарапайым қызметтердің өзін алу олар үшін мүмкін емес, - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, ресми өкіл Қазақстанда құжаты мен азаматтығы жоқ қанша адам бар екені туралы айтқан болатын.