Әйнек сүрткіштер ҰЗАҚ УАҚЫТҚА ШЫДАСЫН десеңіз...

0
3 581

Көліктегі әйнек сүрткіштердің қадірін олар кір мен суды дұрыс тазалауын тоқтатқанда ғана түсінеміз...


Әйнек сүрткіштер ҰЗАҚ УАҚЫТҚА ШЫДАСЫН десеңіз...

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

«Дворник» бұл – тұрақты түрде ауыстырып тұруды қажет ететін көлік жабдығы. Бірақ, оны қаншалықты жиі ауыстыру көлік иесінің қалай пайдаланғанына тікелей байланысты. Олар ұзақ уақытқа шыдасын десеңіз, келесі кеңестерді ескере жүріңіз.


1. Құрғақ әйнек

Жалқаулық – көптеген мәселенің бастауы. Сол секілді біз айтқан әдет әйнек тазалағыш щеткаларының да тез тозуына себеп болуы мүмкін. Бұлай деуіміздің себебі, құрғақ және кір жабысқан әйнекті су шашпай немесе ылғал шүберекпен бір тазалап алмай, бірден «дворникпен» сүрту олардың қызмет көрсету мерзімін айтарлықтай қысқартады.


2. Суыққа қатқан щеткалар

Жылдың суық мезгілінде қатып қалған «дворниктерді» бірден іске қоспай, жылы су құйып жібітіп алу керек. Сондай-ақ, әйнекке мұз қатқан болса да, осы жылы су құю әдісін қолданыңыз. Өйткені, қатқан щетканы бірден қосу және әйнектің мұзы оны зақымдайды. Бірақ, ыстық су құюға болмайды! Олай жасасаңыз әйнек шытынап кетеді.


3. Артық жұмыс

Бұл жағдайда тағы да жалқаулық туралы айтамыз. Әйнек сүрткіштердің негізгі міндеті – шыныны ылғалдан тазарту екенін ұмытпаңыз. Егер, әйнекке мұз, жапырақ немесе құс саңғырығы сияқты лас заттар тұрып қалған болса, қырғыш немесе шүберектерді пайдаланып, бір тазалап алу қажет. Әйтпесе, «дворниктер» ұзаққа шыдамайды.


4. Әйнектің шытынауы

Алдыңғы әйнекте жарықтың болуы – көліктердің басым бөлігінде кездесетін жағдай. Тиісінше, ол да әйнек сүрткіштердің тез жарамсыз болып қалуына себеп болады. Өйткені жарықтардың өткір жиегі щетканың резинасын тілгілеп тастайды.


5. Сүрткіштерді сүрту

Бұл щеткалар алдыңғы әйнекті тазалау үшін жасалған, бірақ олардың өздерін де білгілі бір уақыт аралығында тазалап қою керек. Өйткені, оған да балшық немесе басқа заттар жиналып, щеткалар иленеді де қатты тозып кетеді.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Көлігіңіз ГАЗБЕН жүре ме? АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ мен КЕМШІЛІКТЕРІ


Көлік жүргізгенде мына нәрселерді ІСТЕУГЕ БОЛМАЙДЫ!