Автокөлік атауларында БІЗ БІЛМЕЙТІН ЖҰМБАҚ КӨП

0
3 448

Біз білмейтін дерек ӨТЕ КӨП!


Автокөлік атауларында БІЗ БІЛМЕЙТІН ЖҰМБАҚ КӨП

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Автокөлік компаниялары көбіне құрылтайшылардың құрметіне немесе бірнеше фирмалардың атын біріктіру нәтижесінде атау ойлап табады. Мысалы, көпшіліктің сүйікті бренді BMW атауының астарында ешқандай жұмбақ жоқ, яғни Bayerische Motoren Werke (Бавария қозғалтқыш зауыттары) деген сөздерден құралған. Ал, кейбір брендтер атаулардың артына мүлдем басқа нәрселерді жасырады. Әсіресе, азиялық компаниялар философиялық мағынаны немесе құпия хабарламаны шифрлауды ұнатады. Мысалы, Kia компаниясы өз атауының астарына "Азиядан келген жақсы нәрсе" деген фразаны шифрлаған. Бұл тақырып қызықтырса, ары қарай өи түсіңіз.


Jeep

Тарихта американдық өндіруші атауының бірнеше түсіндірмелері сақталған. Бірақ олардың қайсысы нақты екендігі белгісіз. Сондықтан өзіңізге ұнаған таңдауды жасауыңызға болады. Сонымен, бір нұсқа бойынша, Jeep брендін шағаратын компанияда тегі Джип деп аталатын қызметкер жұмыс істеген делінеді. Біреулер оны инженер болған десе, енді біреулер дизайнер немесе тестер болған дейді. Дегенмен, бренд атауы шынымен осы адамның құрметіне қойылса, оның аты-жөні мен лауазымы тарихта нақты сақталар еді.

Сенімдірек болып көрінетін тағы бір нұсқада бренд атауы АҚШ-та кеңінен таралған автомобиль классификациясынан алынғаны айтылады. Бұл – компанияның алғашқы Willys MB деп аталатын жол талғамайтын көлігі. Оның мүмкіндігіне қарап, General Purpose ("жалпы мақсаттағы") деп те атаған. Яғни, қысқартылға түрде «GP» болады. Уақыт өте келе бұл сөз «JP» болып аусып, содан кейін Jeep-ке айналуы мүмкін деп есептеледі.

Тағы бір кеңнен таралған нұсқа – GPW. Бұл атау брендтің алғашқы әскери көлігіне тиесілі. Толығырақ айтсақ, "G" — мемлекеттік тапсырыс, "P "— белгілі бір ені бар доңғалақ базасы, ал "W" – Willys-Overland лицензиясын білдіреді. Jeep деген атау осыдан да пайда болуы ықтимал.



Audi

Audi брендінің атауы өндіруші компанияның өз тұтынушыларын тыңдайтынын білдіреді. Себебі, латын тілінен шыққан төрт сақиналы бренд атауы "тыңдау" деп аударылады екен.

Алайда, бұл жалғыз әрі нақты нұсқа емес. Өйткені, ос марканың негізін қалаушы Август Хорхтың есімін неміс тілінен аударғанда дәл осынай атау шығатын көрінеді. Әлбетте, адамның атын аудару мүмкін болса.

Тағы бір деректе Хорх компанияны 20 ғасырдың басында құрып, оған өз атын бергені, кейінірек инвесторлар қарыздары үшін бұл құрылтайшыны басшылықтан алып тастағаны айтылады. Сондай-ақ, төрт сақиналы бұл бренд автомобильдер мен мотоциклдер шығаратын бірнеше компаниялар Auto Union бірыңғай концерніне біріктірілген кезде пайда болды делінеді. Олар DKW, Horch, Audi және Wanderer атты төр компания болған. Яғни, төрт сақина осы компаниялардың бірігуін білдіретін көрінеді.



FIAT

Итальяндық брендтің атауы қаншалықты әдемі болса да, оның артында соншалықты қарапайым ғана түсінік бар. Тарқатып айтсақ, 19 ғасырдың аяғында Туринде тоғыз кәсіпкер fabbrica Italiana automobili Torino деп аталатын автомобиль зауытын құрған екен. Тиісінше, өндірушілер әр сөздің бас әріптерінен осы атауды құрастырған.


Volvo

Скандинавиялық компания 1927 жылдан бастап автомобильдер, кейінірек автобустар, жүк және құрылыс техникаларын шығара бастады. Volvo атауын латын тілінен аударғанда "мен тербелемін" деген мағынаны білдіреді екен. Яғни, компанияның негізін қалаушы, Швед инженері және өнертапқышы Свен Уингквист 20 ғасырдың басында өзін-өзі реттейтін мойынтіректерді патенттеген. Ал, Volvo Cars 1924 жылы мойынтіректер шығаратын компанияның "қызы" ретінде құрылған.


Mercedes-Benz

Әлемдегі ең танымал бренд атауының артында бірнеше фирмалардың бірігуінің күрделі тарихы жатыр. "Жұлдызды" марка екі құрылтайшының — Карл Бенц пен Готлиб Даймлердің арқасында пайда болған. Бастапқыда олардың фирмасының «Benz&cie және Daimler-Motoren-Gesellschaft» деген атауын айту қиындық тудырады. Кейінірек ол атау Daimler-Benz болып қысқарды. Ал, Mercedes-Benz атауы өндірушінің негізгі модельдерінің арқасында пайда болды. Олар – 1901 жылғы Mercedes және 1886 жылғы Benz Patent-motorwagen.


Aston Martin

Бұл брендтің пайда болу тарихын екі дилердің бүкіл автомобиль әлемін қалай өзгерткені туралы ертегі деп айтуға болады. Аталмыш ағылшын компаниясы 1913 жылы пайда болған. Дәлірек айтсақ, Лионель Мартин және Роберт Бэмфорд атты екі дос Bamford&Martin фирмасын құрады. Бастапқыда компания атауында "Астон" деген сөз болмаған. Кәсіпкерлер тіпті автомобиль өндірмеген де. Анығын айтқанда, көліктерді Zinger компаниясынан сатып алып отырған. Бір уақытта Bamford&Martin сатқан алғашқы көліктердің бірі Aston Hill жарысында жеңіске жетеді. Осы маңызды оқиғадан кейін достар өздерінің модельдерін шығаруға бел байлап, бренд атауын Aston Martin деп өзгерткен.



Hyundai

Сөз басында Азиялық өндірушілер атау қоярда философиялық ойларға сүйенетінін айтқан едік. Азиялық Hyundai деген брендті ойлап тапқанда да сол әдетіне басқан екен. Себебі, бұл сөзді корей тілінен аударғанда "қазіргі заман" дегенді білдіреді. Расында, Hyundai көліктері қазіргі заманның танымал брендіне айналып отыр.


Daewoo

Көп адам атауын білсе де, мағынасына үңіле бермейтін корейлік Daewoo брендінің астарында "шексіз ғалам" деген мағына жатыр. Бірақ, Matiz моделінің иелері бұл оймен келіспеуі бек мүмкін.

Негізі, бұл компания бастапқыда ұсақ электроника мен тұрмыстық техника шығарумен айналысқан. Содан кейін теңіз кемелерін, тіпті мұнай қондырғыларын өндіруге бет бұрды. Ал, одан тапқан ақшасын аэроғарыштық техника, микрочиптер мен автомобильдер өндіруге жұмсаған.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Антифризді жиі ауыстыру керек пе? Негізгі ережелер мен ұсыныстар


Өз ақауын ӨЗІ АНЫҚТАЙ АЛАТЫН көліктер бар