​Автокөліктің ОСЫ БІЛТЕСІН жиі тексеріп тұрсаңыз, БҰЗЫЛҒАН жерін тез табасыз

0
1 453


​Автокөліктің ОСЫ БІЛТЕСІН жиі тексеріп тұрсаңыз, БҰЗЫЛҒАН жерін тез табасыз

Көлігіңіздің оталдыру білтесі істен шықты ма? Жаңасын ауыстырудан басқа жол жоқ па? Ауыстырыңыз. Бірақ, ескісін тастамас бұрын көз тоқтатып қараңыз. Немесе, жай ғана діл қазір оталдыру білтесінің жағдайын бір тексеріп қоюға да болады. Оның сырт көрінісі сіздің көлікті жүргізу не баптауыңызда қандай мәселе барын айқындап береді.


Ескерту! Білтені көлік жол жүріп келіп тоқтағанда немес мотор қызып тұрғанда қараған дұрыс.

Қара түсті білік: темір сыртын барқыт тәріздес қара күйе қаптаған. Мұндай күйе қозғалтқыштың жану камерасына жанармайдың қажеттіден артық мөлшерде жұмсалатынын білдіреді. Бұл елемей қоя салуға болатын жағдай емес. Жанып бітпеген артық жанармай газ шығаратын түтік ішінде жанатын болады.

Жағдайды дұрыстау үшін карбюраторды, бүріккішті (форсунка) және ауа сүзгісін тексертіңіз.


Білік басы – ақ түсті: оталдыру білігі күю салдарынан ақ түске енсе, жағдай жоғарыда айтылғаннан керісінше болғаны. Яғни, қозғалтқыштың жану камерасына жанармай жеткілікті бармайды. Салдары бірқатар жағымсыз жайларға жеткізбей тұрғанда, карбюраторды, жанармай сорғышын, бүріккішті (форсунка), ауа шығынын көрсететін тетікті тексертіңіз.


Қызыл түсті білік: жиі болмаса да, ішінара кездесіп тұрады. Бұл – құрамында қорғасын және басқа да металды қосылыстар бар жанармай тұтынудан болады. Мұндай жанармай «этилденген» деп аталады және барлық бекеттерде сатыла бермейді. Алайда, қызметі мен өнім сапасы күмәнді орындарда осындай түріне ұрынуыңыз әбден мүмкін. металл қоспалы жанармай көлік қозғалтқышының, жанармай сүзгісінің, оталдыру білігінің жұмысына айтарлықтай зиян келтіреді. Сондықтан, келесіде мұқият болып, мұндай жанармай құюдан сақ болыңыз.


Оталдыру білтесі шіри бастаса: мұндай жағдайдағы бөлшек қолдануға жарамсыз. Оны тез арада ауыстыру керек. Тек, оны қайдан алдыңыз, жаңасын да сол жерден сатып алуға асықпаңыз. Себебі, сіздің қолыңыздағы білтенің шіруі – сапасының өте төмен болғанының белгісі. Дәл сол сауда нүктесіне қайтып барып, тура сондайын алу қаншалықты дұрыс болар екен?


Күл түсті қақ: мұндай қақтың тұрып қалуы – жану камерасына майдың қажетті мөлшерден артық жеткізілуінің салдары. Ойланып көріңізші, соңғы кездері мотор майының шығыны күрт артқан жоқ па?

Майдың бұлайша артық жұмсалуының себебі бірнешеу болуы мүмкін. Айталық, май сылғыш сақиналардың істен шығуы, клапан қақпақтарындағы майсылғыштар жұмысының дұрыс болмауы немесе моторға сай майдың дұрыс таңдалмауы.


Асылында, істен шықпаған, оталдыру және жанармай жүйелерінде еш ақау жоқ, мотор компрессиясы қалыпты жағдайда оталдыру білтесі мынадай болуға тиіс:

Ал, жоғарыда айтылған белгілерді көрсеңіз, олқылықты түзетуге асығыңыз.

Дайындаған: Бауыржан ЕРМАН,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:


КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІЛЕРІНІҢ ең көп жіберетін ҚАТЕЛІКТЕРІ


Бұл көлікке ӨМІРІҢІЗДІ сеніп ТАПСЫРУҒА болмайды екен