Аязда ОТАЛМАЙ ҚАЛҒАН көлікті ҚАЛАЙ ІСКЕ ҚОСУҒА болады?

0
3 829

Мұндай мәселенің бірнеше себебі болады.


Аязда ОТАЛМАЙ ҚАЛҒАН көлікті ҚАЛАЙ ІСКЕ ҚОСУҒА болады?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Автокөлік жүргізушілері жылдың суық мезгіліеде көптеген проблемаға тап болады. Сондықтан олар машинаны суықта қалай оталдыру керек немесе қозғалтқыш іске қосылмаса не істеу керек деген сұрақтардың жауабын жиі іздейді.


Көбіне аязда көлік қозғалтқышының іске қосылмай қалуына аккумулятор зарядының таусылып қалуы себеп болып жатады. Ондай жағдайға батареяның ескіріп кетуі немесе электр энергиясын тұтынатын магнитофон сынды жабдықтардың қосылып қалуы себеп болып жатады. Ал, осы мәселенің алдын алу үшін суық түспей жатып аккумулятордың жай-күйін тексертіп алған дұрыс. Сондай-ақ, көлігіңізде өзге аккумулятордан күш алуды қамтамасыз ететін арнайы сымнан жасалған жабдықтың болғаны жөн.


Аязда оталмай қалған көлікті іске қосудың ең қарапайым тәсілдері

Көптеген жүргізушілер аккумуляторы «отырып» қалған көлікті іске қосудың ең көп таралған тәсілі – басқа көліктің аккумуляторы арқылы оталдыру екенін біледі және соны қолданады. Бірақ, бұл процессті қалай дұрыс жүргізу керектігін барлығы бірдей біле бермейді. Сондықтан, осы тәсілді қолданатын жүргізушілер:

  • алдымен өз көлігінің алдыңғы бөлігін "донор" болатын көліктің капотына жақындату керек;
  • сосын қозғалтқышты өшіреді;
  • содан кейін жоғарыда атап өткен электр тасымалдайтын сымды аккумуляторлардың + және – белгіленген құлақтарына қосу қажет;
  • сонымен қатар, - белгіленген құлаққа қосылған сымның екінші ұшын көлігіңіздегі кез келген металл бөлікке қосып қоюға болады, өйткені мұндай жағдайда маңызды рөлді + белгіленген құлақ атқарады;
  • содан соң сіз көлігіңіздің кілтін ашып, қозғалтқышын іске қоса аласыз. Егер, мәселе тек қуаты таусылған аккумуляторда болса, онда автомобиль кедергісіз оталады. Сондай-ақ, көлік қозғалтқышы ә дегеннен қосылып кете салмауы мүмкін. Мұндай жағдайда тәсілді 10-15 минуттан кейін қайталап көру қажет. Бірақ, электр тасымалдайтын сыммен қосылған екі аккумулятор бірдей жұмыс істеп тұрмауы керек. Әйтпесе, бұл донорлық жасап отырған аккумуляторға кері әсерін тигізеді.


Басқа қандай тәсілдер бар?

Егер, жақын жерден көмектесетін көлік таппайтын жерде болсаңыз, қауіптің алдын алып, кешке қарай аккумуляторды жылы жерге әкеліп қойған дұрыс. Сондай-ақ, ол аккумуляторды үнемі адам болатын бөлмеге қоймау қажет. Өйткені, ішінде химиялық қоспалар болатын ол құрылғыдан қандай да бір мөлшерде улы заттар бөлінуі ықтимал. Негізі, бұл әдістің қиындықтары көп, бірақ батареяның қызмет ету мерзімін ұзартады.


Сондай-ақ, күшейткіш немесе «джамп стартері» деп аталатын арнайы стартерді сатып алуға болады. Бұл кәдімгі телефондарды қуаттауға арналған пауэрбанк секілді көлік аккумуляторына да күш бере алады. Әрине, мұны кәдімгі «донор» аккумулятордың қызметімен салыстыра алмайсыз. Дегенмен, толық қуатталған стартер бір рет оталдыруға көмектесе алады. Оған қоса, мұндай қуаттағыштардың бағасы қаншалықты қымбат болған сайын, сапасы да арта беретінін айтып өткен жөн.


Жылдам оталдыруға көмектесетін аэрозольдер

Көбінесе аязды күндері стартер айналып тұрғанымен, қозғалтқыш іске қосылмай қалады. Бұл сапасыз, жарамсыз жанармай немесе қозғалтқыш майына байланысты болуы да мүмкін. Бұл жағдайда қозғалтқышты жылдам іске қосу үшін арнайы автодүкендерде сатылатын аэрозольдерді қолдануға болады. Анықырақ айтсақ, алған аэрозольді дроссельге немесе ауа сүзгісінің саптамасына шашыратасыз. Бір рет шашыратқаннан кейін көлікті оталдырып көру керек. Егер, оның да күші жетпесе, тағы да шашу қажет. Бірақ, барлық әрекетті өндірушінің нұсқауына сай істеген дұрыс. Артық қылам деп, тыртық қылып алмаңыз.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


2022 жылы автокөлік ТАҒЫ ДА ҚЫМБАТТАЙДЫ! Неге?


Тежегіш қатып қалса, МЫНА ӘДІСТЕРДІ қолданыңыз