Бұл көліктер уақыт өткен сайын өміршең және бәсекеге қабілетті болып келеді.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Электромобильдер тек Еуропада ғана емес, біздің еліміздегі автомобиль нарығын да бірітндеп жаулап алуда. Себебі, олардың жанармай тұтынатын кәдімгі көліктерге қарағанда көптеген артықшылықтары бар. Жалпы, экологиялық тенденциядан бөлек, олар пайдалану және қайта сату кезінде де тиімдірек. Қарапайым машиналарға қарағанда сенімді, тұрақты, заманауи және динамикалық деп саналады. Стильді дизайндардың алуан түрлілігіне байланысты да электромобильдер өзге көліктерге қарағанда тартымды болады. Енді олардың өтімді болуының 6 себебіне тоқталайық.
Техникалық қызмет көрсету шығындары
Электр қуатын тұтынатын көлік алғаннан кейін, қозғалтқыш майын ауыстыруды ұмытылып, қозғалтқышқа үнемі техникалық қызмет көрсету туралы алаңдаушылық азаяды. Тиісінше, көптеген сарапшылар электрлі қозғалтқыштары бар көліктерді күтіп-баптауға кететін шығын жанармай тұтынатын көліктердің шығынына қарағанда арзанырақ деп мәлімдейді. Кейбірі қайта қуатталатын батареялардың қымбаттығына қатысты теріс пікір білдіргеннің өзінде, кәдімгі қозғалтқышты жөндеу, үнемі май мен сүзгілерін ауыстыру бірнеше есе қымбатқа түседі екен.
Құнын сақтау
Қайта сату кезінде электромобильдер өз құнын бензин немесе дизельмен жүретін көліктерге қарағанда көбірек сақтайды. Бұл электромобильдерді ұзақ мерзімді тиімді инвестицияға айналдырады. Оның үстіне, бүгінде электромобиль бөлшектері салыстырмалы түрде арзанырақ және қолжетімді. Сондай-ақ, жиі техникалық қызмет көрсетуді қажет етеді. Өйткені бензин тұтынатын қозғалтқыштардағы ауыстыруды қажет ететін көптеген бөлшектер электрлік қозғалтқыштарда болмайды. Бұл олардың танымалдылығын арттырып, қайта сату құнының өсуіне ықпал етеді.
Шудың болмауы
Электромобильдердің басты артықшылықтарының бірі – қозғалтқыштың болмауы. Дегенмен, кейбір электромобильдерден әлсін-әлсін қозғалтқыш дыбысы шығады. Бірақ, оның өзі жанармай тұтынатын қозғалтқыштарға қарағанда әлдеқайда тыныш. Өйткені, олардың қозғалтқышының құрамдас бөліктері аз.
Қуат шығару
Электрлік қозғалтқыш лезде қуат шығарып, тұрақты қозғалысты қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, электромобильдер беріліс ауыстыруды қажет етпейді. Бұл да жанармай тұтынатын көліктерден бір айырмашылығы. Яғни, электромобильді басқарған кезде үдеткіш пен тежегішті басып, уақыт жұмсамайсыз.
Қауіпсіздік деңгейі
Көптеген электромобильдер, тіпті бастапқы үлгілері де жолдағы кез келген кедергілерді анықтау үшін датчиктерді пайдаланатын және қажет болған жағдайда тежегіштерді автоматты түрде іске қосатын төтенше тежеу жүйесімен жабдықталған. Көптеген электромобильдердің тағы бір стандартты мүмкіндігі – бұрылыс белгілерін пайдаланбай жолақты ауыстырған кезде ескерту жасайды. Одан бөлек, адаптивті круизбен жабдықталған. Ол көліктің жылдамдығын реттейді және алдыңғы көліктерге дейінгі қауіпсіз қашықтықты сақтауға көмектеседі. Сонымен қатар, электромобильдер өз көліктермен салыстырғанда салмағының жоғарылауына байланысты қауіпсіз болып саналады.
Экологиялық тазалық
Адамдардың экологиялық көзқарасы бірдей емес. Бірақ, қазір табиғаттың болашағы туралы алаңдайтын адамдар саны артып келеді. Сондықтан, шамасы жеткен кей адамдар элктромобильдерді таңдап жатады. Электромобильдер өндірісі дәстүрлі автомобильдер өндірісіне қарағанда әлдеқайда зиянды болғанымен, оларды күнделікті пайдалану экологиялық тұрғыдан тиімді. Себебі, олар атмосфераға қауіпті ауаны ластайтын заттарды, азот оксиді мен өзге де қоспаларды шығармайды. Сонымен қатар, бұл көліктерге қажетті электр энергиясын экологиялық тұрғыдан таза көздерден — жел қондырғылары немесе күннен қуат алатын станциялар арқылы өндіруге болады. Бұл атмосфераға шығарылатын парниктік газдардың мөлшерін азайтады. Кейбір электромобильдер тіпті көлікті жүргізіп бара жатып қуаттай беретін күн батареяларымен жабдықталған.
Дайындаған: Б.Мейірханұлы,
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:
Көлік орындығын ҚАПТАУДЫҢ МҮЛДЕМ ҚАЖЕТІ ЖОҚ. НЕГЕ?
Күн ыстықта көлік жүргізген адам МЫНАЛАРДЫ БІЛУІ КЕРЕК