Көлік аккумуляторы қысқа дайын ба? Оны ҚАЛАЙ БІЛУГЕ БОЛАДЫ?

0
4 118

Бұл сұраққа нақты жауап беру қиын. Бірақ, тәжірибелерге сүйене отырып, сіз оны болжай аласыз.


Көлік аккумуляторы қысқа дайын ба? Оны ҚАЛАЙ БІЛУГЕ БОЛАДЫ?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Қыс мезгілінде ауа температурасы суық болатындықтан, көлік аккумуляторының қуатынаа қатысты проблемалар жиі туындап жатады. Сондықтан, бұл мәселенің алдын алған абзал. Ол үшін тәжірибелі мамандар ұсынған әдістерді пайдаланып, аккумуляторды тексерістен өткізіп алыңыз.



1. Алдымен нормативтерді қарастырамыз

Өндіріс талабына сәйкес, жұмыс істейтін аккумулятордың орташа қызмет ету мерзімі 90 000 шақырым жүргенге дейін немесе кемінде 24 ай болуы керек. Ал, аккумулятор ішіндегі сұйықтық кем дегенде 48 айға немесе 100 000 шақырымға дейін жетуі керек. Бірақ, бұл көрсеткіштер тек аккумуляторды ауыстыру жаңарту мерзімін жоспарлау үшін ғана қолданылатын статистикалық нормативтер болып саналады.



2. Нақты статистикаға сүйенеміз

Шын мәнінде дұрыс қолданылған аккумулятор орташа есеппен 4-5 жылға дейін қызмет етеді. Мәселен, 1970-ші жылдары Болгария мен Югославияда өндірілген батареяларды жигули көліктерінің иелері тоғыз жыл бойы қолданған деген деректер бар. Қалай болғанда да, аккумулятордың уақыты жеткенде оны ауыстыру қажет болса, жаңасын сатып алуға дайын болған жөн.


3. Кернеуді өлшеу

Қозғалтқыштың іске қосылуын мұқият тыңдау керек. Егер алғашқы секундтарда жарық индикаторлары дұрыс жанбай, әдеттегіден өзгеше дыбыс пайда болса, аккумулятор қуатының таусылғаны.


Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде аккумулятор терминалдарындағы кернеуді өлшеу қажет. Егер ол 14,0–14,4 В болып тұрса, генератор мен сымдарда ешқандай мәселе жоқ деген сөз. Содан соң, қозғалтқыш өшірілгеннен кем дегенде екі сағат өткеннен кейін батарея терминалдарындағы кернеуді бақылау керек. Одан ертерек өлшеу кезінде көрсеткіштер шамадан тыс болуы мүмкін. Қалыпты жағдай – 12,6 В деп саналады. Егер ол көрсеткіш 12,3 В немесе одан аз болса, батареяның қуаты аз дегенді білдіреді. Мұндай кезде аккумуляторды қуаттап, оның жағдайын одан кейін де бақылау қажет. Егер, қуаты сақталмаса, жаңасын сатып алыңыз.



4. Жұмыс жағдайларын талдаймыз

Кей жағдайларда аккумуляторда ақау болмауы мүмкін. Әдетте, бұл құбылыс қыс мезгілінде электр қуатын тұтынатын көлік жабдықтарының көбеюімен байланысты болады. Өйткені, батарея әрбір жабдыққа қуаттың бір бөлігін жұмсайды, бірақ күштің орнын толтыруға үлгермей қалады. Мұндай жағдайда тіпті су жаңа аккумулятор да сыр береді. Сондықтан суық ауа райында оны мезгіл-мезгіл қуаттап отыру қажет.


5. Сыртқы түрі

Өлшеу құралдарынсыз-ақ бәрі түсінікті болатын жағдайлар бар. Атап өтсек, егер аккумуляторда жарықтар немесе электролит тамшылары болса, мұндай батареяны шұғыл түрде ауыстыру керек.


6. Адам факторын қарастырайық

Көлік жүргізушілері де аккумулятор қуатының таусылуына себеп бола алады. Мысалы, жарықшамдарды өшіруді ұмытып кетсе, әсіресе қыс мезгілінде аккумуляторды қайта тірілту қиын болады. Сонымен қатар, ақаулы генератор, ескірген «ремень» сынды бөлшектермен жүру де қуаттың азаюына әсер етеді.

Жалпы, қиын жағдайға тап болмас үшін аккумулятордың қуаты толық таусылғанға дейін күтпеуге кеңес береміз.



Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Кроссоверлер туралы өндірушілер АЙТПАЙТЫН ҚҰПИЯЛАР


Автокөлік туралы СІЗ БІЛМЕЙТІН деректер