Көлік жүргізгенде мына нәрселерді ІСТЕУГЕ БОЛМАЙДЫ!

0
3 638

Мұндай әрекетіңізбен өзіңіздің және жолаушылардың өміріне қауіп төндіресіз.


Көлік жүргізгенде мына нәрселерді ІСТЕУГЕ БОЛМАЙДЫ!

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Бүгінгі таңда автомобиль көлік түрлерінің ішіндегі ең қауіптісі болып есептеледі. Статистика бойынша, жол-көлік оқиғаларынан зардап шегетін адамдардың саны басқа жағдайларға қарағанда әлдеқайда көп тіркеледі екен. Сондықтан әрбір жүргізуші жолда өзіне және өзгеге қауіп төндіретін іс-әрекеттерден аулақ болуы керек. Сонымен, көлік айдап келе жатқанда не істемеу керек?


Аяқы көтеріп отыру

Кейбір жүргізушілердің дәл суреттегідей күйде отырып, көлік айдауға тәжірибесі жетеді. Бірақ оны ешқашан қайталаудың қажеті жоқ. Өйткені, мұндай қалыпта отырған кезде ұшыраған ең кіші жол-көлік оқиғасының өзі ауыр жарақатқа әкеп соғуы мүмкін. Сондай-ақ, 30 км/сағат жылдамдықпен соқтығысу кезінде екі аяқты сындыру, тіпті мүгедек болып қалу қаупі де туындайды. Одан бөлек, болмады дегеннің өзінде «шок» алып қалуыңыз мүмкін.


Рөлде құлаққаппен отыру

Кейбір жүргізушілер рөлде құлаққаппен отырады. Бір жағынан оны пайдаланып қоңырауларға жауап беру қауіпсіз және бұл жол жүру ережесін бұзу болып есептелмейді. Алайда, оның бір кемшілігі – құлаққап сізді айналадағы дыбыстардан оқшаулайды. Дегенмен Сіз «Бәрін көріп отырамын» деген ойда болатын шығарсыз, иә ол рас. Бірақ естудің жөні бір бөлек. Себебі, жолда келе жатқан көліктен ақау пайда болғанда шығатын дыбыстар секілді белгілер өміріңіз үшін өте маңызды.


Жүксалғыш пен салондағы қажетсіз заттар

Салон немесе жүк салғыштағы артық заттар отын шығынын арттырудан басқа, көлік тұрағында және артқа қарай қозғалу кезінде жолды көруге кедергі келтіріп, апаттық жағдайға себеп болуы мүмкін. Сонымен қатар, бұндай заттар жол-көлік оқиғасына тап болған кезде де денсаулыққа қауіпті. Мысалы, салондағы кез келген қатты зат соқтығысу кезінде Сізге қарай ұшып, түрлі дәрежеде жарақаттауы мүмкін.


Рөлде отырып тамақтану

Кейбір жүргізушілер уақыт үнемдеу үшін көлік басқарып келе жатып жеңіл тағам жеуді немесе кофе, су ішіп алуды әдетке айналдырған. Алайда, бұл әдет айтарлықтай қауіп тудыруы мүмкін. Себебі, рөлде отырған адам тамағы түсіп немесе суы төгіліп кеткен жағдайда күтпеген қимыл жасап, назарын басқа жақа аударады. Нәтижесінде, апатқа ұшырау ықтымалдығы жоғарылайды.


Темекі тарту

Егер Сіз көлікте темекі шегетін болсаңыз, онда темекі шегіп болғаннан кейін салондағы ауаның құрамындағы зиянды заттардың деңгейі 10 есе артады. Нәтижесінде бұл заттар жүргізуші мен жолаушыларға кері әсерін тигізіп, қауіп тудырады. Оған қоса, темекі шоғы абайсызда салонға түсіп кетіп, абдырап қалуыңыз мүмкін. Ол апаттық жағдайдың бір себебі бола алады.


Макияж жасау

Көлік жүргізіп келе жатқан адамның басқа бір нәрсеге назар аударуы апаттық жағдайға алып келеді. Осындай оқыс оқиғаға әйелдер жиі тап болып жатады, өйткені олар көбіне көлік жүргізіп келе жатқанда макияж жасайды және көбіне артқы жақты көрсететін айнаны пайдаланады, ал нәтижесінде қозғалысты бақылаудан шығарып алады. Сондықтан, көлік жүргізетін қыз-келіншектер рөлде отырып боянудан бас тартқаны дұрыс.


Аяқ киімсіз көлік жүргізу

Көптеген жүргізушілер әсіресе жазда көлікті аяқ киімсіз басқарады. Бұл заңбұзушылық болып есептелмейді, бірақ қауіпсіз деп те айта алмаймыз. Мысалы, кенеттен тежегішті қатты басу керек болды делік, ол кезде ыстықта терлеп тұрған жалаң аяқ тайып кетуі әбден мүмкін. Сонымен қатар, төтенше жағдайға тап болып, көліктен жылдам шығу керек болғанда да аяқкиімсіз аяғыңыз түрлі жарақат алып қалуы ықтимал.


Орындықты алысқа жылжыту

Көлікті дұрыс жүргізуге орындықтың ыңғайлы болуы тікелей әсер етеді. Барлығы Сіз ойлағандай болсын десеңіз, рөлден тым алыстамаңыз. Себебі, бұл әрекетіңізбен де жол апатына түсу қаупін арттырып аласыз. Керісінше, жақын отырсаңыз педальді басу, рөлді басқару және жолды шолу деңгейі жақсарады.


Көлік жүргізу барысында ашуға ерік беру

2014 жылғы Гарвард қоғамдық денсаулық сақтау мектебі жүргізген зерттеулерге сәйкес, жолда дауласу немесе бір нәрсеге қатты ашулану психологиялық стресс, жүрек соғысының жиілігі мен қан қысымын арттырып, бірнеше сағаттан кейін жүрек ұстамасы немесе инсульт тудыруы мүмкін.


Ал, жүргізушінің ең басты "жауы" телефон! Көлік басқарып келе жатып, ұялы телефонға көп көңіл бөлмеңіз!


Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:

Жаңбырлы ауа райында көлік жүргізудің ӨТЕ ҚАРАПАЙЫМ ережелері

Көлігіңіз ГАЗБЕН жүре ме? АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ мен КЕМШІЛІКТЕРІ