Көлікке ұры түспес үшін не істеу керек?

0
3 251

Кейбір дереккөздерде жарияланған статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазіргі уақытта автоұрлықтардың саны айтарлықтай төмендеген. Бірақ бұл – автокөлік қылмыстық қол сұғушылықтан толықтай айықты дегенді білдірмейді. Сондықтан, көлік құралының қауіпсіздігінмаксималды деңгейде қамтамасыз ету үшін алдын-ала ұрлыққа қарсы құрылғылар орнату қажет.


Көлікке ұры түспес үшін не істеу керек?

көрнекілік суреттер: ашық дереккөзден

Қазіргі таңда көлікті немесе бөлшектерін жымқырып кету оқиғалары жиі кездеседі. Сондай-ақ, бұл ұрылардың «көкесін көзіне көрсететін» құрылғылар да бар.

Қазіргі заманғы қауіпсіздік құралдарының алуан түрлілігі мен бай «мәзірі» ең сенімді қауіпсіздікті таңдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, автокөлікке орнатылатын ұрлыққа қарсы тиімді қорғау жүйелерінің де өзіндік ерекшеліктері бар. Себебі, әр құрылғының күшті және әлсіз тұстары болады.


Қауіпсіздік жүйелерінің жіктелуі


Кез келген таңдау сатып алушының қаржылық мүмкіндіктеріне тікелей байланысты. «Анти-ұрлық» құралдарын орнататын қызмет үшін ақы төленуі заңдылық. Сондай-ақ шығынға түскісі келмегендер құралдарды өз қолымен орнатса, кейбіреулер белгілі шеберлердің көмегіне жүгінеді. Дегенмен кез-келген жағдайда машина ұрлығына бұл шараның пайдалы болары сөзсіз.

Сонымен қатар, автоұрлыққа қарсы құрылғыларды таңдаудағы «таластар» тоқтаған емес. Сондықтан қорғаныс кепілдігін жоғарылату үшін ұрлыққа қарсы бірнеше жүйені қолдану керек. Содан кейін қылмыскер қорғаныстың бір «қабатымен» күресіп болып, басқасына «маңдайы тақ ете қалады» және нәтижесінде «бәлесінен аулақ» деп, автомобильді жөніне қалдырады.

Операция режиміне және функцияларға байланысты машина ұрлығына қарсы жүйелерді бірнеше түрге бөлуге болады. Клиенттердің пікірлері негізіндегі рейтинг:

  • Бірінші орында спутниктік қауіпсіздік-іздестіру жүйесі «GPS».
  • Екінші және үшінші орын иммобилизаторларға және автокөлік сигналдарына (дыбыстық сиреналар) тиесілі.
  • Төртінші орында механикалық құрылғылар (құлыптар).


Бұл түрлердің кез-келгені өте сенімді немесе сенімсіз деп ойлауға болмайды. Әдетте, қауіпсіздік жүйесінің мінсіз жұмысы тек осы құрылғылардың арқасында қамтамасыз етіледі.

Төменде аталған түрлердің әрқайсысын егжей-тегжейлі қарастырып көрелік.


Автодабыл жүйесі арқылы қорғау

«Автодабыл» жүйесінде қылмыскерлердің әрекетіне қарсы ұйымдастырулар бар. Шынында да, дабылдың өткір дыбысы тәжірибесіз ұрыны шошытуы және автокөлік иесіне әрекетті хабарлауы мүмкін. Бұл – жүйенің басты міндеті.

Заманауи автокөліктіктердегі дабыл модельдерінде үш дәрежелі құлыптау функциясы бар. Олар сондай-ақ сорғышты, магистралды, терезелер мен есіктерді бұғаттауға қабілетті. Сонымен қатар, қоймалардағы ұрлыққа қарсы жүйелерді орнататын сервис орталығында бұл қорғаныс түріне деген сұраныс өте жоғары, бірақ оның функционалдылығын кеңейту оңай шаруа емес. Тапсырыс берушінің өтініші бойынша дабылдың қорғау функцияларын тек «шын шеберлер» ғана кеңейте алады.

Машинаны ашуға арналған пейджер көлік құралының иесіне оқыс әрекет туралы ескертеді. Көліктен алыста, дыбысты естімейтін қашықтықта жүргенде осы пейджерге көңіл бөле жүру керек.


Арнайы кілт арқылы көлік тонайтын ұрыларға қарсы

Автокөлік «сигнализациясы»автомобильдің борттық компьютеріне радиотолқындарды жіберетін кілттер арқылы қашықтан басқарылады. Автомобиль иелерінің айтуынша, осы құрылғының негізгі бір кемшілігі де бар.

Атап айтсақ, дабылды бейтараптандыру үшін ұрылар электрондық «скелеттік кілттерді» пайдаланады. Қылмыскерлердің қолында радиосигналдың кодын алып тастайтын және өзгертетін «граббер-кодтар» сияқты құрылғылар болады. Мұндай қауіпсіздік жүйесіндегі ең қымбат модельдер сұраныс пен жауап арасындағы аралықты орнататын уақытты үндестіру механизмімен жабдықталған. Бұл қосымша функция автокөлік сигналының қорғау қасиеттерін арттырады, демек, оның құны да айтарлықтай жоғары.

Өкінішке орай, ұрлау операциясы бірнеше секундқа ғана созылады, ал кейде иесі көлікке барып үлгермей қалады. Сондықтан автомобиль ұрлығына қарсы басқа жүйелерді де пайдалану ұсынылады. Ең көп таралған құрылғылардың рейтингі таңдау жасауға көмектеседі.

Айта кетейік, автодабылдың бағасы қосымша сенсорлар, қуат релесі және орталықтанған құлыптардың болуына байланысты әртүрлі болады. Тиісінше мұндай құрылғылардың орташа құны 30-60 мың теңгенің аралығында өзгереді.


Сенімді құлыптар

Қазіргі таңда механикалық құрылғылар ұрлығына қарсы жүйелердің барлық «арсеналынан» құралған топтамалар да бар. Мұндай жүйелерді пайдалану өте қарапайым, оның үстіне жүргізуші өзі орната алады, бағасы да қолжетімді.

Атап айтсақ, механикалық құрылғылар ұрлығына арналған құлыптардың негізгі мақсаты – ұрының автокөлікке енуіне жол бермеу және көліктің өз бетімен қозғалу мүмкіндігін болдырмау. Олар автомобильдің ең маңызды бөлшектерін: құлыптау жүйесін, рульді, капотты, дөңгелектерді, педальдарды, есіктер және т.б. бұғаттайды. Мұндай жүйені кез-келген көлік үшін арнайы бейімдеуге болады.


Әйел жүргізушілерге арналған құлып

Трансмиссиялық блок (беріліс қорабы) – автожүргізушілер арасындағы ең танымал құрылғы. Оның артықшылығы – әмбебаптығы. Егер құлып сырттан пайдаланылса, тұтқа артқы беріліс орнына ауысып, штангамен немесе доға арқылы бекітіледі. Кейбір көлік иелері орталық туннель корпусының астына жасырылған бақылау нүктесін қолданады, ол сенімдірек. Пайдаланудың қарапайымдылығына байланысты бұл құрылғыларды әйел жүргізушілер жиі таңдайды.


Рульдік құлып

Аталған рульдік құлып автомобиль иелерінің арасында кең таралған. Құрылғы рульді бір қалыпта ұстап тұруымен ерекшеленеді. Бұндай құрылғысы бар көлікті кез келген бағытқа бұрып жүргізу мүмкін емес. Рас, кейде көлік арнайы кабельмен тартылуы мүмкін, бірақ ол басқалардың назарын аударады. Демек, рульдік құлып автомобильді ұрлықтан қорғай алады. Ұрлық барысын айқын көрсететін осындай құрылғы әлдеқайда қолайлы әрі ұрыны ұстауға көп көмек тигізеді.


Дөңгелектер мен педальдарды құлыптау

Ұрлыққа қарсы ең тиімді құрылғылардың бірі – доңғалақ және педаль құлыптары. Бірінші нұсқа – дөңгелектерді сенімді түрде бекітетін, күшті, болаттан жасалған құрылғы. Олар жол бағытына қарсы бетке орнатылып, көліктің қозғалуына жол бермейді. Ал, ұры мұндай құралды тек қана арнайы кескіш құралмен босата алады. Сондықтан, бұлай істесе әшкере болатынын ең ақымақ ұрлықшы да білетіні сөзсіз.

Сондай-ақ, педальді бектетін құрылғылар да сапалы материалдан жасалады. Мұндай құрылғы автокөлікті ұрламақ түгілі, іске қосуға да мүмкіндік бермейді. Олар ықшамды және пайдалану өте оңай. Бірақ, бұл құралдың бір жетіспеушілігі – орнату қиын. Көбінесеавтомобиль иелері осы себепті пайдаланудан бас тартады.


Стартерді құлыптауға болады

Көлік ұрлығына қарсы құрылғыларда арнайы қауіпсіздік құлыптары да бар. Олардың мақсаты – стартерді қорғау. Әдетте, бұл құрылғыларды істен шығару мүмкін болмайды. Пайдаланушылардың пікірлеріне сүйенсек, бұл қорғаныс түрінің сапасы өте жоғары.


Иммобилайзер – бүінгі заманның қорғау құралы

«Иммобилизденген» деген сөздің өзі – «қорғалған» деген мағынаны білдіреді. Олар өткен ғасырдың 80-жылдарының басында АҚШ-та пайда болды. Сол уақыттан бері бұл қауіпсіздік жүйелері айтарлықтай дамыған. Қазіргі модельдер борттық компьютерге қосылады. Иммобилизаторлар автокөлікті электр тізбектерін (бір мезгілде бір немесе одан да көп) блоктау арқылы ұрлықтан қорғайды, мысалы, жанғыш катушкалар мен стартерді.

Таратып айтсақ, бұл құрылғы орнатылған автокөлікті оталдыру кезінде қаскүнемдер техникалық ақауларға тап болады. От беру тоқтатылады, қозғалтқыш іске қосылмай қалады немесе беріліс жұмыс істемейді және т.б. Бірақ басқару блогындағы тек иесі білетін код терілгеннен кейін барлық мәселелер жоғалып кетеді және машина қалыпты күйде жұмыс істей бастайды.

Қалай жұмыс істейді?

Автомобиль ұрлығына қарсы арналған осындай жүйелер кілтпен басқарылады. Сонымен қатар, тетіктермен басқарылатын модельдер кездеседі. Ұрлық жағдайында иммобилайзер «транскадер» немесе пластикалық карта арқылы іске қосылады. Алайда, машинаның «дұрыс жұмыс істемеуі» бірден пайда болмауы мүмкін, бірақ автокөлік оқиға орнынан бірнеше метр жылжығаннан кейін құрылғы қызметі қосылады. Содан соң, қылмыскерге ештеңе де қалмайды, көлікті тастай қашып кетеді.

Орнату артықшылықтары

Иммобилайзер қондырғысындағы басқару блогы қай жерде орналасқанын көре алмау – қорғаныс құралының маңызды артықшылығы. Ұрылар жүйені ажырата алмайды, себебі ол жүйенің алдын-ала орналасуын білмейді. Сондай-ақ, бұл құрылғы орнатылса, аккумуляторды бақылап, әрқашан зарядталған күйде ұстау керек. Аккумулятор күші жетіспесе көлік иесі де «темір атын» орнын қозғалта алмайды. Сонымен қатар, «иммобилайзерді» басқаратын екі кілт болуы қажет. Олардың біреуі (қосалқы) үйде болуы керек және электр құрылғыларынан алыс сақтаған дұрыс.


Спутниктік қауіпсіздік жүйесі (GPS)

Ұрыға қарсы GPS-қадағалау жүйесі – автокөлікті қорғаудың ең қолайлы түрі. Рейтингте олар бірінші орынды алады. Ұрланған көлікті осындай техника көмегімен әлемнің кез-келген жерінен табуға болады. Сондай-ақ, ұрылардың ғаламдық орналасу жүйесінен (GPS) жасырынуы мүмкін емес. Бұл құрылғы арқылы ұрлық әрекеті туралы спутниктен диспетчерге сигнал келіп, ол көлік иесіне хабарланады.

Дегенмен, бұл құрылғының ең үлкен кемшілігі – бағасы. Қорғаныстың бұл әдісі барынша қымбат тұрады. Бастапқы құн 80 мың теңгеден басталады. Сондай-ақ, ең сенімді болып табылатын GPS-жүйелер 30-35 мың долларға дейін бағаланады. Бірақ, әрбір автокөлік иесі өзінің меншікті мүлкін қорғау үшін қандай түрін қолданатынын өзі шешеді.

Кез-келген ұрлыққа қарсы әрекет (тіпті ең керемет) тиімділігі кепілдендірілген және сенімді орнатуға байланысты. Сенімді жүйені тек мамандандырылған қызмет көрсету орындары орната алады.

Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ