Автоәуесқойлар тілімен айтқанда «матовый» түске бояу...
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Автокөлік әлемі үнемі өзгеріске ұшырап, жетілдіріліп отырады. Соның арқасында жүргізушілер үшін түрлі қажеттіліктер қамтамасыз етіліп, түрлі талғамға сай жаңалықтар ашылады. толық сәйкес келетін және жүргізу үшін барынша қолайлы жағдай жасайды. Сол ерекше өнертабыстың бірі – көзге үйренген жылтырақ түсті көліктердің сыртын автоәуесқойлар тілімен айтқанда «матовый» түске бояу.
Мұндай жабын әсіресе көлігін сәндеп мінетіндерге қатты ұнайтыны сөзсіз. Өйткені, күңгірт түсті шанақ пен титаннан құйылған дискілер өзара керемет үйлеседі. Бірақ, бұл түске бояудың негізгі артықшылықтары мен кемшіліктерін де ескерген дұрыс.
Көлікті күңгірт түске қалай бояйды?
Көптеген жастар көлігін сәндеу үшін шанақты күңгірт түске бояудан бас тартпайды. Себебі ол кез келген темір тұлпардың сәнін арттырып, өзгелерден ерекшеленіп тұруға мүмкіндік береді және көпшіліктің назарын аударғысы келетіндер үшін маңызды артықшылық болып есептеледі.
Көлік құралының кузовын күңгірт жабынға боуя үшін негізінде арнайы жарық жұтатын мата қолданылады және ол көрген көзді баурап алатын құбылысқа айналады. Сондай-ақ, бұл істің шеберлері «матовый» жабынды таңдайтын кезде түрлі түсті материалдар ұсынады. Кейбір жүргізушілер күңгірт-жылтыр түрін таңдаса, енді бірі томаға-тұйық, салмақты мінезге сай келетін қарапайым әрі қою күңгірт бояуды таңдап жатады. Әлбетте, әр адам өзінің талғамы мен қалауына қарайды.
Күңгірт жабынның артықшылықтары мен кемшіліктері
Автосервис қызметкерлері көлікті күңгірт түске бояр кезде жылтырататын пленка немесе арнайы бояуды қолданып, көлік иесінің ерекше ықыласына бөленуге барынша тырысады. Сонымен, автокөлік шанағын күңгірт түске бояудың артықшылықтары туралы айтатын болсақ, онда мыналарды атап өтуге болады:
• тартымдылық пен ерекшелік;
• көлік құралының бірегейлігі мен әсем стилін қамтамасыз ете отырып, кішігірім жарықтар мен сызықтарды жасыру мүмкіндігі болады;
• шеберлер материалды қолдану барысында температуралық ауытқуларға аса ыждахаттылықпен жауап береді.
• күңгірт жабын ұзақ уақытқа шыдайды.
Ал кемшіліктердің тізіміне мыналарды жатқызамыз:
• «матовый» түске бояу барысы ұзаққа созылатындықтан, көлігіңіз біраз уақыт шеберханада тұрады, яғни дайын болғанша пайдалана алмайсыз;
• күңгірт түске зақым тигізу өте оңай және кішкентай сызаттың өзі кузовтың сәнін құртады. Сондықтан, әрқашан темір тұлпарыңыздың тізгінін өте мұқият басқару қажеттілігі туындайды.
Дайындаған: Б.Мейірханұлы,
Тағы оқыңыз: