Көлікті ТҮНДЕ ҚАЛАЙ жүргізу керек?

0
3 218

Қиындықтарға тап болмау үшін көлікті түнде дұрыс жүргізу өте маңызды!


Көлікті ТҮНДЕ ҚАЛАЙ жүргізу керек?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Көптеген зерттеулерге сәйкес, жол апатынан болатын қайғылы жағдайлар күдізгі уақытқа қарағанда түнде үш есе көп орын алады. Өйткені, көптеген адамдар жұмысынан кеш қайтатын болса, кейбіреулері түнгі серуенге немесе такси болуға шығып жатады. Егер, Сіз де қараңғы түскенде көлік жүргізетін болсаңыз, мәселелердің алдын алу үшін біз ұсынған кеңестерді пайдаңызға жаратыңыз. Олар Сізді кез келген уақытта қандай да бір қауіптен сақтауы әбден мүмкін.


Ара қашықтықты сақтау

Көптеген жүргізушілер ара қашықтықты сақтамауды жаман әдетке айналдырған, бірақ алдыңыздағы көлік пен өз «тұлпарыңыздың» арасында жеткілікті кеңістік қалдыру әсіресе түнгі уақытта және ауа райы нашар кезде өте маңызды.


Өйткені, түнде күндізгідей жарық болмайды. Ал, ережені сақтау алдыңыздағы көліктің тежегіш басқанын бірден байқап тез тоқтатуға және оны соқпауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, алдыңыздағы көлікке тым жақын жүру оның жүргізушісінің ашулануына соқтырады. Себебі, арттағы көліктің жарығы алдыңғы көліктің бүйірдегі айналарына жақыннан түскенде шағылысуды арттырып, жүргізушісінің көруін нашарлатады. Ауа райы қолайсыз кезде де жол апатын туындатпау үшін осы заңдылықты естен шығармаған жөн.


Қарсы келе жатқан көліктің жарығына қарамаңыз

Қарама қарсы бағытта келе жатқан көліктің жарығы кез келген жүргізуішіге ұнамайтыны белгілі. Өйткен, жарық көру қабілетін нашарлатып, жол белгілері мен ойық-тесіктерді байқамай қалуға әкеп соғады. Соның салдарынан өзіңіз ойламаған қиындықтарға тап болуыңыз мүмкін. Сндықтан, осы кеңесті естен шығармаңыз.


Жарықшамдарды реттеу


Жарықшамдарды реттеу жолды дұрыс көру үшін өте маңызды. Сол себепті, оның деңгейін және жарық шашырататын шынының тазалығын сақтаған дұрыс. Бұларды жүзеге асыру үшін арнайы сервистерге барған абзал. Ал, өз қолыңызбен іске асыруға ұзақ уақыт пен шыдамдылық қажет болады.


Салондағы жарықтарды азайтыңыз

Кейбір автокөліктердегі панел жарығын реттеу тетігі бекер ойластырылмаған. Себебі, ол жарықтар алаңдаушылық тудырып, көлік басқаруды уыстан шығарып алуға себеп болады. Тіпті, магнитофонның жарығы да кері әсер тигізеді. Сонымен қатар, ұялы телефон, навигатор және кез келген басқа да электрондық заттарды түнде көлік жүргізіп келе жатып көп қолдануға болмайды. Салондағы қандай да бір жарық алаңдатушылық тудырады.


Тұманға қарсы фараларды пайдаланыңыз

Тұманға қарсы жарықшамдар жолдың деңгейіне жақын орналасқандықтан тек қолайсыз ауа райында ғана емес, барлық уақытта жақсы көруге көмектеседі. Сондай-ақ, оны түнгі уақытта жақынға немесе алысқа түсетін жарықпен бірге пайдалану өте тиімді.


Барлық айнаны тазалап, теңестіру

Лас айналарға артқы жақтағы көліктердің жарығы түскенде шағылысу деңгейі жоғарылап, жолды көруге кедергі келтіреді. Сондықтан айналарды тазалап, бақылап отыру үшін баптап қою қажет.


Жануарларды соғудан аулақ болыңыз

Қараңғы кезде кез келген жерден жолыңызға жануар шығып қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда оларды соғу үлкен-кішісіне қарамастан қауіпті болуы мүмкін. Әдетте мұндай оқиға жиі орын алатын жерлерге арнайы жол белгісі орнатылады. Сол себепті, өзіңіз шығынға ұшырап, денсаулыққа қауіп төндірмеу үшін жол белгісі немесе жануар көрген бетте жылдамдықты азайтқан дұрыс.


Дайындаған: А.Мейірхан,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Қозалтқыштың дауысы ҚАТТЫ шыққанда НЕ істеу керек?


Бүгінгі күнге дейін ЕҢ КӨП сатылған автокөліктер