КӨЛІКТІҢ майын таңдауда ҚАТЕЛЕСПЕҢІЗ! Сізге керек кеңестер

0
8 364

Көптеген автомобиль жүйелерінің қызмет етуі қозғалтқыш майының сапасы мен түріне байланысты.


КӨЛІКТІҢ майын таңдауда ҚАТЕЛЕСПЕҢІЗ! Сізге керек кеңестер

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Көптеген автокөлік иелері қандай қозғалтқыш майын таңдау керектігін және олардың артықшылығы мен бір-бірінен айырмашылығын түсіне бермейді. Әрине, ол ізденбегендіктен. Сондықтан жүргізушілер үшін керекті ақпарат ұсынып отырмыз. Оның ішіндегі қозғалтқыш майының түрлері мен ең сапалы үлгілері. Олардың әрқайсысының артықшылықтары мен кемшіліктерін біле жүріңіз.


ҚОЗҒАЛТҚЫШ МАЙЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҮШ ТҮРІ БАР:

Синтетикалық қозғалтқыш майы. Оның негізгі компоненттеріне химиялық заттар кіреді. Олар ішкі жану қозғалтқышын тазартатын қасиетке ие және кез-келген температурада өзіндік қасиеттерін жоғалтпайды.

Минералды қозғалтқыш майы. Олар мұнай айдау процесінен алынады. Оның кейбір сипаттамалары синтетикалық майдан төмен болады. Суық ауа райында тоңып қалады.

Жартылай синтетикалық қозғалтқыш майы. Минералды және синтетикалық майлардың арасындағы сұйықтық. Дегенмен, майдың құрамы синтетикалық майларға ұқсас келеді. Сол себепті пайдаланылуы ұқсас, бірақ бағасы төмен болады.


ЕНДІ ЕҢ ҮЗДІК ҚОЗҒАЛТҚЫШ МАЙ ТҮРЛЕРІНЕ ТОҚТАЛСАҚ:

Әрине, қандай майды таңдау керек екені әр жүргізушінің өз еркінде. Бұл тізімді шешім қабылдауды жеңілдету үшін ұсынамыз.

• MOBIL Super 3000 – ұзақ мерзім бойы қызмет етуі және тұрақты тұтқырлығымен ерекшеленетін үздік синтетикалық қозғалтқыш майы;

• ELF Evolution 900 – ең жақсы экологиялық көрсеткіштерге ие синтетикалық қозғалтқыш майы. Қозғалтқыш жүйелерінің күйі мен тазалығына оң әсерін тигізеді. Сондай-ақ, төмен бағаға және сапалы қызмет ету мерзіміне ие. «Рено» қозғалтқышымен жабдықталған автомобиль иелері арасында өте танымал. Бірақ температура бағаны -30 градустан төмендесе, қозғалтқышты іске қосу кезінде қиындықтар туындауы мүмкін;

• Лукойл Люкс – барлық сапа стандарттарына сәйкес келетін синтетикалық және жартылай синтетикалық қозғалтқыш майы. Қазір ол кейбір бәсекелестерінен едәуір алда келеді. Тіпті, - 44 градус суықта да мінсіз жұмыс істей алады. Бірақ, қызмет көрсету мерзімі қысқалау;

• Total Quartz – керемет сипаттамаларға ие. 20 мың шақырым жол жүргеннің өзінде де тұтқырлығын жоғалтпайды. Қозғалтқышты тазартуға оң әсер етеді, суық ауа райында жақсы жұмыс істейді, бірақ отынның тиімділігін төмендетеді;

• Shell – тұтқырлығы мен тазалығын бастапқы күйінде сақтайтын синтетикалық қозғалтқыш майы. Жұмыс кезінде ішкі жану қозғалтқышын тазарта алады. Бірақ, бағасы сәл қымбаттау;

• LIQUI MOLY – неміс өндірушілерінің минералды майы. 250 000 шақырымнан аса жол жүріп тастаған автомобильдер үшін өте тиімді;

• ZIC X9 – бағасы қолжетімді синтетикалық май. Жұмыс кезінде қозғалтқышты өте жақсы сақтайды, ұзақ мерзім бойы қызмет етеді және салыстырмалы түрде басқалардан бағасы төмендеу;

• Castrol EDGE 5W – кез келген температурада тамаша жұмыс істей алатын қозғалтқыш майы. Тиімділігі де, бағасы да жоғары;

• Лукойл Genesis Claritech – жеңіл автокөліктерге немесе шағын жүк көліктеріне арналған синтетикалық май. Күйе сүзгілері бар автомобильдерге де қолдануға болады. Бірақ, - 42 градустан төмен температурада проблема туындатуы мүмкін;

• Motul Specific DEXOS2General Motors мақұлдаған қозғалтқыш майы. Ол үнемді және қозғалтқышты майлау қасиеттерімен ерекшеленеді. Кез-келген температураға төзімді. Негізгі кемшілігі – қозғалтқыштардың барлық түрлеріне жарай бермейді;

• Idemitsu Zepro Touring – премиум класты жапондық қозғалтқыш майы. Жоғары класста болғандықтан оны бензинмен жұмыс істейтін кез келген қозғалтқышқа қолдануға болады. Жапон және корей автомобильдері үшін өте қолайлы. Кез-келген температурада тұтқырлығын сақтайды және үнемділігімен ерекшеленеді;

• Motul Specific – бастапқыда General Motors концерні үшін жасалған май. Жақсы көрсеткіштердің арқасында оны барлық маркалардағы автомобильдер үшін пайдалануға бола береді. Кез-келген маусымда қолдануға жарамды. Кемшілігі – бағасының қымбат болуы;

• Motul 8100 X-clean – жүк артылатын көліктерге қолайлы май. Қозғалтқышты мінсіз тазартады, кез келген ауа райында өзінің қасиеттерін жоғалтпайды. Бірақ, салыстырмалы түрде бағасы басқалардан жоғары;

• Kixx – ұзақ уақыт бойы қызмет ететін май. Суықта тоңазымайды, ыстықта сұйылып кетпейді. Құны орташа;

• Totachi – барлық стандарттарға сәйкес келетін жапондық май. Мерседес және Порше автомобильдеріне өте ыңғайлы;

• Mannol Classic 10W-40 – американдық, корей және жапон автомобильдері үшін өте тиімді жартылай синтетикалық май. Бұл жартылай синтетикалық майлардың ішіндегі ең тұтқыр майлардың бірі. Алайда, көптеген жүргізушілер төмен температурада мәселе туындататыны айтады;

• ЛУКОЙЛ Супер SG / CD – бұл ең жақсы минералды май. Оның басты артықшылығы – бағасы өте төмен. Бірақ, уақтылы ауыстырып тұруды талап етеді;

• Енеос – жапон және корей автокөлітеріне жарамды корей майы. Жапондық қоспалар барлық бөлшектерді біркелкі майлауға ықпал етеді;

• G-Energi – Газпром мұнайынан алынатын премиум бренд. Спорттық көліктер үшін қолайлы. Ішкі жану қозғалтқышының жұмысын жақсартады және қозғалтқышты зақымданудан қорғайды. Италияда өндіріледі;

• Ravenol – үздік техникалық көрсеткіштерге ие неміс майы. Бірақ, жоғары температура кезінде қозғалтқышты іске қосу барысында мәселе туындатуы мүмкін;

Айта кетейік, ең үздік қозғалтқыш майларының тізімі артықшылықтары мен кемшіліктерін жете білетін автокөлік иелері мен сарапшылардың пікірлері аясында жасалды.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ.


Тағы оқыңыз:


Жүргізушінің 2 апталық өмірі бағдаршамда өтеді: автоәлемдегі СІЗ БІЛМЕЙТІН деректер


Атақты көлік компаниялары ТАҚЫРҒА ОТЫРДЫ. Себеп қандай?