Патшайым Елизавета II көлік жүргізуді ҚАТТЫ ЖАҚСЫ КӨРГЕН

0
3 862

Бұрынғы Ұлыбритания патшайымының автопаркіндегі ерекше көліктермен таныс болыңыз.


Патшайым Елизавета II көлік жүргізуді ҚАТТЫ ЖАҚСЫ КӨРГЕН

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Ұлыбританияның экс-патшайымы Елизавета II жуырда ғана өмірден өткені мәлім. Осы орайда, әлем халқына танылған Виндзор әулетінің өкілі көлікке деген шынайы сүйіспеншілігімен ерекшеленгенін айта кету керек. Бір елдің патшайымы неліктен автомобильдерге қатты қызыққан?


Егер патшайымның ресми өмірбаянына сүйенетін болсақ, 18 жастағы ханшайым Елизаветаның екінші дүниежүзілік соғыс кезінде техникалық мамандық бойынша оқығанын білеміз. Тіпті, механик-санитарлық көлікті жүргізген деген деректер бар. Содан Ұлыбритания мен Достастық патшалықтарының болашақ патшайымы техниканы жақсы көре бастаған деп саналады. Мәселен, мына суреттен жас ханшайымның Austin K2/Ү жүк көлігінің жанында суретке түскенін анық аңғаруға болады.

1948 жылы таққа үміткер патшайымға әкесі Джордж VI Land Rover көлігін сыйлаған. Бұл сол кезеңдегі жол талғамайтын көліктердің жүзден бірі болатын. Ханшайым бұл көлікті біраз қолданып, кейінірек өз ақшасына осыған ұқсас машина сатып алады. Кей дереккөздерде Елизавета II құрдымға кеткелі тұрған Land Rover компаниясына жаңа ие іздегені айтылады.

Сондай-ақ, бір кездері жеті елдің патшайымы дизель өндірісін дамытуды ерекше қолғаны айтылады. Одан бөлек патшайым іссапарлар үшін Vauxhall Cresta Friary Estate деп аталатын ұзын көлікті пайдаланған деседі. 1961 жылы шығарылған бұл көлік жылдам жүретін болған.

Тағы бір деректерде патшайымның Basingstoke Friary компаниясының шеберлеріне ауқымды көлік шығаруды тапсырғаны айтылады. Және ол көлікке балық аулауға арналған құрал-жабдықтар орнатуды сұраған. Себебі, патшайым балық аулаумен қатар, аң аулауды да жақсы көрген екен. Сондықтан патшайымның Шотландиядағы иеліктері тек аң аулау үшін пайдаланылған. Сонымен қатар, орта жастағы ханшайым сәнді кроссовердің рөліне жиі-жиі өзі отыратын болған. Ал, Елизавета II-нің ресми сапарлар үшін қолданатын ең сүйікті автомобильдерінің бірі – 2002 жылғы Bentley State Limousine көлігі болған.

Жалпы, мәртебелі Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің және оның басқа да патшалықтары мен иеліктерінің патшайымы, Достастық басшысы, сенім қорғаушысы болған Елизавета екінші көліктерге және оны өз басқаруға қатты қызыққан. Жас кезінде дәл осы мамандықты оқығаны да сондықтан болар. Бір қызығы – көлік жүргізуде 78 жылдық тәжірибесі бар патшайымның өмірден өткенге дейін жүргізуші куәлігі болмапты.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Күз мезгілінің көлікке тигізер ЗИЯНЫ БАР


ӨТЕ ҚЫМБАТ көліктердің қатысуымен болған апаттар – ТАРИХТАН ДЕРЕК