Tesla автокөліктерінің ЕҢ ӘЛСІЗ тұстары

0
2 951

Бұлар сатып алушылар үшін үлкен проблема.


Tesla автокөліктерінің ЕҢ ӘЛСІЗ тұстары

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Бүгінде Tesla – әлемдегі ең танымал электромобиль өндірушілерінің бірі. Сондықтан қазір бұл өндірушінің көліктері көп мөлшерде сатылып жатыр. Бірақ, Tesla модельдері мінсіз емес және кейбір мәселелері шұғыл шешуді қажет етеді.


Қызмет көрсету құны өте қымбат

Жанармаймен жұмыс істейтін қозғалтқышпен жабдықталған көліктерді жөндету электрлі көліктерді жөндетуге қарағанда арзанырақ. Ал, электрлік көліктерде май ауыстыру деген секілді проблемалар болмайды. Бірақ, Tesla көліктеріне техникалық қызмет көрсету құны өте қымбат. Мысалы, қозғалтқышты толық қарап беру құны 500 доллардан асады екен. Ал, оған тежегіш сұйықтығын ауыстыруды қоссаңыз, шамамен 600 доллар төлейді екенсіз.


Автопилотқа шамадан тыс тәуелділік

Автопилот – Tesla-ның флагмандық мүмкіндіктерінің бірі және барлық модельдері автопилотпен жабдықталған. Тиісінше, сегіз камера және 360 градустық сенсормен қамтылған бұл жүйе үнемі жетілдіріліп тұрады екен. Алайда, AutoPilot жүйесімен жабдықталған Tesla s автомобильдерінің қатысуымен бірнеше сәтсіз қақтығыстар орын алған.


Жүргізушінің назарын аудару

Tesla модельдері орталықта орналасқан, үлкен сенсорлық ақпараттық ойын-сауық экранымен жабдықталған. Бұл жүйе көрнекілік тұрғысынан жағымды болғанымен, физикалық түймелердің болмауы көлік жүргізу кезінде жүргізушіні алаңдатуы мүмкін. Сонымен қатар, бұл жүйеде қосымшалар мен ойындардың үлкен мәзірі болғандықтан, алаңдаушылықты арттырады.


Сәйкестік және әрлеу

Tesla компаниясы шығарылған әрбір модельді шығару миллиондаған доллар инвестиция салады. Осыған қарамастан, көптеген сатып алушылар құрылыс сапасына қатысты мәселелерді айтып жатады. Көбіне, тұтынушылар панельдер арасындағы үлкен саңылаулар, сызаттар мен әлсіз бояуларға шағымданады екен.


Қуаттау шығыны

Электрмен жұмыс істейтін көліктің ең тартымды мүмкіндігі – жанармай шығындарын азайту. Себебі, электр энергиясы жанармайға қарағанда әлдеқайда арзан болатын. Ал, қазір электр энергиясының бағасы күрт көтеріліп, алшақтық азайып кетті. Көлікті үй жағдайында қуаттау әлі де қолжетімді, бірақ, қуаттау станцияларының қызметін пайдалану тым қымбатқа түсіп жатыр.


Батареялардың қызмет ету мерзімі шектеулі

Tesla көліктеріне қолданылатын литий-ионды батареялар біз білетін батареялардан айтарлықтай ерекшеленбейді. Бар болғаны, олар әлдеқайда үлкен және көп мөлшерде энергия сақтайды. Дегенмен, смартфондар мен ноутбуктердегі батареялар сияқты олардың да қызмет ету мерзімі шектеулі. Tesla батареяларға 8 жылдық кепілдік береді. Тиісінше, көліктің алғашқы иесі үшін қауіп аз болады. Дегенмен, пайдаланылған көлікті сатып алғанда сапасыз батареяға ұрынып қалып, пәленбай мың доллар шығындалуыңыз мүмкін.

Өрт қаупі

Tesla компаниясы өз көліктерін әлемдегі ең қауіпсіз техникалар деп санайды. Бұлай деуге әлемдік зерттеулердің нәтижесі мұрындық болып келеді. Дегенмен, бұл компанияның көліктеріне қатысты проблемалар әлі де туындап тұрады. Мәселен, көліктің үлкен литий батареялары істен шықса, бұл өртке соқтыруы мүмкін. Бұған осы жылдың басында Калифорния шоссесінде болған оқиға дәлел. Ондағы Tesla көлігінен шыққан өртті сөндіру үшін 6 мың литрден астам су қажет болыпты. Алайда, Элон Маск Tesla көліктерінің тек 0,01%-ы ғана жанған деп мәлімдеп отыр.


Шиналардың тез тозуы

Көптеген электромобильдер сияқты, Tesla шығарған модельдердің де салмағы өте ауыр. US News and World Report мәліметтеріне сүйенсек, Tesla седандарының салмағы басқа седандарға қарағанда бірнеше жүз келіге ауыр екен. Бұл қозғалтқыштан бөлек, шиналардың тез тозуына да әсер етеді.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Автокөлік атауларында БІЗ БІЛМЕЙТІН ЖҰМБАҚ КӨП


Пайдаланылған көліктердің ЕҢ ӘЛСІЗ ТҰСТАРЫ