Жүріп келе жатқан көліктің мұндай жағдайға тап болуы көбіне жол-көлік оқиғасына соқтырады.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Тежегіш жүйесіндегі ақаудың салдарынан келетін қауіпті азайту жүргізушінің тәжірибесіне байланысты. Сондықтан, Сіздерге мамандардың бірнеше кеңесін ұсынамыз.
Тежегіш жүйесінің ақаулары қандай қауіп туындатады?
Тежегіш жүйесінің істен шығуы – кең таралған мәселе. Көбінесе мұндай ақаулар кенеттен пайда болып, қайғылы жағдайларға душар етіп жатады. Бұл ретте жүргізуші жол-көлік оқиғасының зардабын азайту үшін көлікті тоқтатуға және дұрыс әрекет етуге тырысуы қажет.
Негізі тежегіш жүйесінің істен шығуына арнайы сұйықтықтың азайып кетуі себеп болады. Дегенмен, қазіргі автокөліктер гидравликалық сұйықтықтың азайғаны және ақаулардың пайда болғаны туралы жүргізушіге хабар беретін арнайы жүйемен жабдықталған. Ол дабыл қосылған кезде тежегіш істеп тұрады. Тиісінше, бір нәрсеге ұшырамай тұрып, жүйені жөндеп қойған абзал.
Тежегіш істемей қалғанда көлікті тоқтату әдістері
Бұл жағдайда көлікті тоқтату әдістері беріліс қорабының механикалық немесе автоматты екеніне байланысты болады.
1. Егер көлігіңіздің беріліс қорабы механикалық болса, оны төменгі берілістерге (1,2-скоростқа салып) салып, ажыратқыш педальді жіберіп, қайта басып және осы әрекетті бірнеше рет қайталап тоқтатуға болады. Бұл әрекеттен кейін беріліс қорабы бұзылуы әбден мүмкін, алайда жол апатына ұшырағаннан жақсы.
2. Сондай-ақ, қозғалыстағы автокөлікті қол тежегіші (ручной тормоз) арқылы тоқтатуға болады. Алайда, тұтқаны тартқан кезде рөлді бұрмау керек, себебі ол әрекеттің соңы –аударылып кетуге немесе жол-көлік апатына ұшыратуы мүмкін.
3. Ал, тежегіші істен шыққан, беріліс қорабы автоматты көлікті тоқтату біршама қиын болады. Өйткені, ондай көліктерде қол жежегіші болмайды. Егер, бұл көліктердің рөлінде берілісті (скорость) ауыстыратын жүйе болса, соның көмегімен төмен берілістерді іске қосып, жылдамдықты тежеуге болады.
4. Сонымен қатар, автомат коробкалыескі көліктерде екінші және үшінші деңгейден аспайтын жылдамдықты тежейтін арнайы режимдер болады. Бұл тежегіші істен шыққан көлікті апаттан сақтайды.
Тежегіш ақауларының алдын алу
Тежегіш жүйесіндегі ақаулардың алдын алу сол жағдайға жол үстінде тап болуға қарағанда әлдеқайда тиімді. Ол үшін әр жүргізуші бірінші кезекте тежегіш жүйесінің сұйықтығын, жабдықтарын тексеріп, уақтылы ауыстырып отыру керек немесе мамандардың көмегіне жүгінуге болады.
Ең бастысы, аталған кеңестерді естен шығармаңыз.
Дайындаған: Б.Мейірханұлы,
Тағы оқыңыз:
Қыста әр жүргізушінің КӨМЕКШІСІ болатын құралдар