Жанармай бекетіне ЖЕМ БОЛЫП жүрген жоқсыз ба? Олардың түрлі АЙЛАСЫ БАР!

0
2 537

Автокөлік жүргізушілері жанармайдың құйылуын қадағалап отыруы керек. Әйтпесе, кейбір жанармай құюшылардың құрбанына айналуы мүмкін.


Жанармай бекетіне ЖЕМ БОЛЫП жүрген жоқсыз ба? Олардың түрлі АЙЛАСЫ БАР!

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Жанармай құю станцияларының көптеген қызметкерлері тұтынушыларға отын сату кезінде қулық жасап жіберуі мүмкін. Себебі, мұндай жағдай өте жиі кездеседі. Көбіне бұл «қақпанға» туристер мен саяхатшылар түсіп қалады екен. Оларға қатысты "резеңке бензин багы"деп аталатын әдіс қолданылады. Бұл қандай әдіс және жанармай құюшылар автокөлік жүргізушілерін тағы қалай алдайды? Аталған сұрақтардың жауабын бүгінгі мақаладан біле аласыз.


Жанармай құю

Жанармайды тасымалдау және өндіру кезеңдерінде бақылау күшті болады да, арампиғылдылардың жымысқы амалы тұтынушыларға бензин құю кезіне қалады. Көбіне алдау әрекеттерін жиі кезек ауыстырып тұратын жанармай құюшылар орындайды екен. Дегенмен, мұндай қылмысқа бекеттегі қызметкерлердің барлығы қатысып, тапқан пайданы өзара бөліседі.


Енді "резеңке бензин багы" технологиясына тоқталсақ. Бұл өте қарапайым. Егер жүргізуші бакты толтыра құюды сұраса, есептегіш шектеусіз қосылады. Сосын, қызметкер бензин тапаншасын бак қақпағына салады, тетікті басады, ал бензин ыдысты толық толтыру қызметі іске қосылғанға дейін ағады. Негізінен әрбір бензин багында ауа шығатын желдету арналары бар. Тиісінше жанармай құюшы сол арнаны бекітеді де, ауаның бак аузынан шығуына тура келеді. Ал, тікелей бак қақпағынан шығатын ауа түтікшеден ағатын бензинмен қарама-қарсы келіп, ағуына жол бермейді және автоматты құрылғыдан бензин ағуы тоқтайды.


Ал, мұндай кезде түтікшенің тетігін қайта бассаңыз, бакқа тағы бірнеше литр жанармай құйылуы керек. Бірақ, оны алаяқтар пайдаланады. Яғни бензин құйылып бітті дейді де, сіз кеткесін ыдысқа құйылмай қалған бірнеше литр жанармайды өздері құйып алады. Мұндай кезде тіпті 10 литрге дейін бензин құйылады екен. Бірақ, тұтынушының есебінен.


Сондай-ақ, кассадағы қызметкер «сіздің көлігіңізге артық жанармай құйылып кетті, ақшасын төлеңіз немесе бензинді сорып аламыз» десе, олардың айтқанын істей салмаңыз. Бұл жағдайда дауласудың да керегі жоқ. Өйткені, олардың бұлай істеуге құқығы жоқ.


Жанармай құймау

Алдаудың тағы бір кең таралған технологиясы – жанармай құймау. Бұл әдіс әсіресе аппараты ескі бекеттерде жиі орын алады. Мысалы, жанармай құюшы өздері шығарып қойған сымдарды ажырату арқылы түтікті өшіре алады. Дегенмен, қазір мұндай құрылғылар көп емес.


Алайда, «адамнан айла артылмас» дегендей су жаңа технологияны да қашықтан істен шығарып, қайта қосудың амалын тауып алғандар бар. Бұл әдіс негізінен бағдарламалық жасақтама арқылы реттеледі. Көбіне жаңа құрылғы мен оның бағдарламасы іске қосылған басқару түйме операторда болады. Нәтижесінде өзіңіз айтқан бензинге ақша төлейсіз, бірақ жанармай 3-4 литр аз құйылады.


Бұл алаяқтықтың бір жаман жері – аппараттың дұрыс жұмыс істемей тұрғанын дәлелдей алмайссыз. Себебі, түймені қайта басқаннан кейін бағдарлама қайтадан іске қосылады және бағандағы жанармай босату жүйесі бензинді нормаға сәйкес шығарады.


Жалпы, бұл алдау амалдары тұрақты түрде қолданылмайды. Және танымал жанармай бекеттері мұндай қадамға бара бермейді. Керісінше, маркасын танымал компанияларға ұқсатып жасайтын жеке кәсіпкерлер осындай әдіспен бизнес жасайды. Яғни, олар да жанармайды басқалар сияқты бір бағамен сатады, бірақ көлемі аз болады. Одан бөлек, бейтаныс жанармай бекеттерінің бензині сапасыз болады.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Көліктің жарығын қай кезде РЕТТЕУ КЕРЕК?

Кез келген жүргізуші мына 7 нәрсені білуі кере