Жапондықтар 8 доңғалақты KAZ көлігін ШЫҒАРДЫ

0
2 381

Көлік сағатына 300 шақырымнан аса қашықтықты еңсере алады.


Жапондықтар 8 доңғалақты KAZ көлігін ШЫҒАРДЫ

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Барлығымыз білетіндей көптеген автомобильдердің төрт дөңгелегі бар және бесіншісі қосымша болып келеді. Дегенмен, бұл шектеуді бұзып, тарихта көпдөңгелекті көлік атымен қалған темір тұлпарлар баршылық. Олар несімен ерекшеленеді?


1. Pullman Брумелла

Ең алғашқы көп дөңгелекті көлік XX ғасырдың басында пайда болып, жаппай автомобиль жасау дәуірінің бастамасындағы ерекше жаңалыққа айналған. Оның авторы америкалықтар болды. Осылайша ең бірінші алты дөңгелекті көлік 1903 жылы Pullman фирмасында жарық көрді. Ол көлікті басқару механизмі де қызықты болған және осы көлікті үлгі еткен жапондықтар артқы беріліс механизмін ойлап тапқан екен. Дегенмен, автокөлік тек қана тегіс жолға бейімделмеген. Сондай-ақ, басқару тетігі апатқа ұшыратуға бейім болғандықтан, жалғыз прототип ары қарай өндіріске түспей, темір тұлпар бөлшектелген.



2. Reeves Octo-Auto

Жоғарыда аталған алты дөңгелекті көліктің ғұмыры біткеннен 8 жыл кейін, нақтырақ айтсақ 1911 жылы ең алғашқы сегіз дөңгелекті Reeves Octo-auto көлігі пайда болды. Сонымен қатар, бұл модель жарысқа да қатысқан. Алайда, қандай да бір маңызды нәтижелерге қол жеткізе алмағанымен, ерекше конструкторлармен жабдықталған тұлпардың аты халық арасында кеңінен таралған. Автомобильді құрастырған компанияның негізін қалаушылар көліктің даңқы мен танымалдығы прогресстің шыңы деп санаған. Дегенмен, бұл модельдің де көп ұзамай дәуірі аяқталып, тарихтағы естелік ретінде қалған.


3. Tyrrell P34

Өткен ғасырдың басында жарық көріп, кейіннен бірнеше онжылдықтар бойы аты аталмаған көп дөңгелекті көліктердің ұзақ үзілісі 1976 жылы аяқталып, Tyrrell P34 – алты дөңгелекті жарыс көлігі шығарылған. Оның үстіне ол өзін тарихқа енгізе алды. Атап айтсақ, бұл модель "Формула-1" жарысына екі рет қатысып, темір тұлпарды тізгіндеген шабандоз Джоди Шектер тіпті Швецияның Гран-приін жеңіп алған. Байқағанымыздай көліктің алдында кішкентай төрт дөңгелек бар. Олар өз кезегінде көлік пен жолдың байланысын 40 пайызға арттырған. Алайда, тежеуіштердің қызып кетуі және көліктің жолда күтпеген жерден бұзылуы бұл автокөліктің де тарихына тосқауыл болған екен.


4. C6W

Жаңа ғасырдың басында Италияда да көп дөңгелекті көлік шығарып, ол бастама инженер Феруччио Ковинидің күш-жігерімен ойдағыдай орындалды. Дегенмен бұл жоба өте ұзақ уақыт бойы жасалған. Атап айтсақ, өткен ғасырдың жетпісінші жылдары жұмысты бастаған соң, жобаны қаржыландыру қиындап, жұмыс бірнеше онжылдыққа созылып кеткен. Бірақ бұл мәселелер шешіліп, 2004 жылы итальяндық дизайнер көптен күткен c6w көлігін құрастырып бітеді.

Көлік алмалы-салмалы шатыр және екі жұп алдыңғы доңғалақтармен жабдықталған. Сондай-ақ, алдыңғы көліктерден айырмашылығы – бұл көлікке аз да болса сұраныс болған.


5. KAZ

Жапон өнертапқыштары бүкіл әлемге өздерінің жаңашылдығымен танымал. Сондықтан олардың басына көпдоңғалақты электроавтокөлік құрастыру идеясының келуі таңқаларлық жаңалық емес. Бұл жобаның атауы – KAZ. Автокөліктің техникалық сипаттамаларына тоқталсақ, ол 311 км/сағат жылдамдықты еңсере алады, ал салмағы 3 тоннаны құрайды. Қозғалтқышында 600 аттың күші бар.


6. Smart ForTwo

Шағын Smart ForTwo көлігін атақты brbus тюнинг-ательесінің мамандары жасап шыққан. Нәтижесінде, салноы кең шағын пикап жарық көрген. Бір қызығы, бұл көліктің өндірісі тоқтамаған. Алайда, көліктің бағасы табысы аз адамдардың қалтасына ауырлық түсіреді.



7. Nissan Patrol 8x8 White Spider

Араб шейхтері эксклюзивті және қымбат дүниелерді жақсы көреді. Бұл көліктерге да қатысты. Мысалы, БАӘ-дегі шейх Хамад бин Хамдан әл Нахьянның бірегей автокөліктерден құралған үлкен коллекциясы бар. Сол коллекцияға 2010 жылы сегіз дөңгелекті Nissan Patrol 8x8 white Spider көлігін арнайы құрастыртып, қосқан.

Дайындаған: Б.Мейірхан,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Алдыңғы терезені ӨЗІҢІЗ-ақ ауыстыра аласыз


Көлік сатып алу үшін мыналарды БІЛУ КЕРЕК