Жазғы дөңгелектерді қайда, қалай сақтаған дұрыс?

0
5 344

Дөңгелекті қаптап қою керек пе?


Жазғы дөңгелектерді қайда, қалай сақтаған дұрыс?

Жазғы дөңгелектерді еңбек демалысына жіберіп, қысқы резеңкемен қар-жаңбыр кешіп жүрген боларсыз? Алдыңғыларын қайда қойдыңыз? Қыстың да бір демде өте шығып, жаздың қайта айналып келерін ескеру керек. Биылғы жаздық дөңгелектің келесі жылы да жақсы қызмет еткенін қаласаңыз, оларды дұрыс сақтауға тиіссіз.

Жалпы, шиналарды сақтаудың нақты ережелері ресми түрде тағайындалған. Не үшін дейсіз ғой? Себебі, дөңгелектерді бүйір қабырғалары мен бүйір қабырғаларының деформациясын болдырмайтындай етіп сақтау керек. Бұл үшін жылыту құрылғыларынан кем дегенде бір метр қашықтықта орналасуға тиіс деп көрсетілген. Бұл ретте дөңгелектер өмір сүре алатын температуралық режим аясы өте кең: -30 градустан төмен емес аяз және +35-тен жоғары емес жылу. Ал, ылғалдылық 50-ден 80% -ға дейін.

Дөңгелекті екі түрлі формада сақтайды: дискпен және дисксіз. Қалай сақтасаңыз да, алдымен оларды жақсылап жуып-тазалау керегін ұмытпаңыз. Резеңкеде май дақтары, отынның іздері, битум немесе шиналармен әрекеттесе алатын кез келген басқа химиялық заттар болуы мүмкін. Сондай-ақ, тазалау протектордағы кептірілген тастарды алып тастауға және басқа қоқыстардың, өздігінен бұрап тұратын бұрандалардың бар-жоғын тексеруге мүмкіндік береді. Осыдан кейін резеңкені силикон негізіндегі арнайы өнімдермен өңдеу ұсынылады.


Шиналарды көліктен шеше салысымен тұрған жерін белгілеп қойыңыз. Келесі салғанда көліктің алдыңғы және артқы, оң жақ және сол жақ дөңгелектерінің қайта өз орнына орналасқаны абзал. Қайсысының қайда тұрғанын ішкі бетіне маркер не бормен белгілеуді ұмытпаңыз.


Егер сізде дөңгелек дискісінің бір ғана жиынтығы болса, шиналарды онсыз сақтауға тура келеді. Бұл жағдайда шиналар тігінен, қабырғаға және бір-біріне сүйене орналастырылуы керек. Оларды көлденең жатқызған күйінде немесе жіппен байлап, іліп сақтау дұрыс болмайды. Себебі бұл бүйір қабырғаларының деформациясына әкеледі.

Ал, дискісі алынбаған дөңгелектерді сақтау бойынша ұсыныстар керісінше. Оларды тігінен орналастыруға болмайды. Көлденең күйде сақтау ұсынылады. Бірінің үстіне екіншісін қоюға болады. Әрқайсын жеке-жеке жіппен жоғарыға байлап, іліп сақтаса, тіптен жақсы. Бұл резеңке жүктемені толығымен жояды.


Тағы бір сұрақ дөңгелектерді қаптау-қаптамау тақырыбында туындайды. Біреулер әрқайсысын жекелеп целлофан қалтаға салып, аузын мықтап байлағанды құп көреді. Сонда шаң-тозаң баспай, таза тұрады деп ойлайды. Бірақ, бұл дұрыс емес. Тығыз байланған пакетте конденсат жиналуы мүмкін, бұл дискілерге зиянын тигізіп, олар тоттана бастайды. Сондықтан целлофан қалтаны ауа өткізетін материалдан жасалған қапшыққа ауыстырған дұрыс. Немесе жай ғана қалтаның аузын ауа кіретіндей аздап ашық қалдырып, сол арқылы желдетуді қамтамасыз еткен жөн.


Дөңгелектерді қараңғы, күн сәулесі түспейтін жерде сақтаған дұрыс. Ондай орын табылмаса, аула не балконға, гаражға, үйдің бір бұрышына қоя тұруға тура келеді. Мұндай жағдайда міндетті түрде жауып тастауыңыз керек. Ультракүлгін сәулелену шиналарға зиянды. Сондай-ақ, жылыту құрылғыларына жақын ұстамасаңыз болғаны.

Есте сақтаңыз! Жаңадан сатып алынған шиналарды үйде ұстамаған жөн. Оларды өңдеуге қолданылған консерванттар улы иіс бөліп, денсаулыққа зиянын тигізеді.

Дайындаған: Бауыржан ЕРМАН,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Қазақстанда қандай көліктер құрастырылатынын білесіз бе?