Жедел жәрдем қызметкерлеріне арналған велосипедті көрдіңіз бе?

0
2 324

Осы мақалада Сіздер үшін электровелосипедтердің ерекше үлгілерін ұсынамыз.


Жедел жәрдем қызметкерлеріне арналған велосипедті көрдіңіз бе?

көрнекілік суреттер: ашық дереккөзден

Қазір «шайтанарбалардың» бұрынғы классикалық үлгісінен бастау алған электроүлгілері шығарылып жатыр. Олар әлемдегі ең танымал және экологиялық тұрғыдан таза көлік түрлерінің бірі болып табылады. Сондай-ақ, бүгінгі таңа өндірушілер бір орнында тұрмай дамуда.


1. Көміртекті талшықтан жасалған эко-электровелосипед – LEAOS

LEAOS «болашақтың электровелосипеді» деп аталады: бүйіріне орнатылған жұқа батареялары күн сәулесінен қозғалуға қажетті электр энергиясын алып отырады және үнемі өзіндегі аккумуляторларды қуаттап тұрады. Сонымен қатар, шайтанарбадағы LETO күн батареялары әмбебап және жарқырап тұрған күн сәулесіне тәуелді емес, тіпті бұлтты немесе тұманды ауа райында да аккумуляторды қуаттай алады.

Егер сіз батареяны (36V) әдеттегі тоқ желісінен қуаттасаңыз, онда ол шамамен 2 сағат алады, ал күннен толық қуат алу үшін 1 күн қажет. Сондай-ақ, электровелосипедтің қаңқасы мен рулі жеңіл әрі берік көмір талшығынан жасалған, жалпы салмағы 22 келіні құрайды.


2. Сенсорлы экраны және 3G-интернеті бар электровелосипед – QOROS eBIQE

Заманауи технологиялармен жабдықталған eBIQE электровелосипедін қытайлық Qoros және хорватиялық Greyp Bikes компаниялары бірлесіп әзірлеген. Шайтанарба 5 дюмдік сенсорлық экранмен, 3G-интернетін қосу мүмкіндігімен және Microsoft Windows Azure платформасымен жабдықталған. Сондай-ақ, компьютер велосипедтің жалпы күйін дисплейден көрсетуге және алдын ала базаға енгізілген саусақ іздері бойынша адамдарды тануға қабілетті. Сонымен қатар, икемді күйге келтіру және өзін-өзі тексеру жүйелері бар.

EBIQE-де педальды пайдаланбай жүріп-тұру үшін: максималды жылдамдығы 25 км/сағ. «Street», батарея қуатын пайдаланудың үнемді режимін қамтамасыз ететін «Eco» және жылдамдығын 65 км/сағ дейін жеткізетін «Power» деген режимдер қарастырылған. Сондай-ақ, Exide батареясы қарапайым тоқ көзінен 80 минут ішінде толық қуатталады, ал бір рет толық қуатталған батареямен автономды режимде жүру қоры 80 шақырымды құрайды.


3. Сәнді және жоғары технологиялық электр-ретро велосипед – Ariel Rider

Ariel Rider – классикалық-ретро стильде Сан-Францискода жасалатын жаңа электровелосипед. Ariel Rider сапалы алюминий қаңқасымен жабдықталған, сол себепті ол берік әрі жеңіл. Сонымен қатар, оның қуатты қозғалтқышы (200-500 Вт), SHIMANO тісті цепі, 26-дюймдік доңғалағы және мықты тежегіштері бар.

Сондай-ақ, электровелосипедте батарея қуаты, жүгірістің жылдамдығы, берілістің қосылуы, ауа температурасы туралы ақпарат беретін компьютер орнатылған. Қажет болса, жарықтандыру қызметі де бар.


4. Стильді және функционалды электровелосипед – SPA Bicletto

Италиялық Bicletto электровелосипеді ерекше сәнмен және жоғары технологиялармен жасалған. Шайтанарба карбоннан жасалған рамамен, қуаты 500 Вт электр қозғалтқышымен, екі аккумулятормен, «Formula T1» тежегіштерімен, 26 дюймдік дөңгелектермен, жүк салғышпен және алмалы-салмалы жарықтандырғыштармен жабдықталған. Bicletto-ның салмағы – 24 келі. Сондай-ақ, үздіксіз пайдалану кезінде қуаттаусыз 5 сағат жұмыс істей алады, электр режимінде жүру қоры – 50 шақырым, ең жоғарғы жылдамдығы — 45 км/сағ, толық қуаттау үшін 5 сағат қажет.



5. Ерекше стильді заманауи электровелосипед — Vintage Electric

Бұл электровелосипедті калифорниялық «E Tracker» компаниясы құрастырған.

Шайтанара алюминий рама, бір фара, былғары ершік, үлкен дөңгелектер, қуатты қозғалтқышпен және тежегіштермен жабдықталған. Vintage Electric-тің ең жоғары жылдамдығы – 60 км / сағ, аккумулятор арқылы 32 км/сағ-қа дейінгі жылдамдықпен 50 шақырым жүре алады.


6. Жедел жәрдем және басқа да арнайы қызмет қызметкерлерге арналған электровелосипед – Cross X

Митхун Дарджидің дизайнымен шыққан әмбебап электровелосипед Cross X жедел жәрдем қызметкерлеріне арналған. Велосипед рамаға орнатылатын арнайы кіріктірме бөліктермен жабдықталған. Онда медициналық қызмет жұмысын қамтамасыз ету үшін батарея қуатын пайдалана алатын медициналық жабдық жиынтығын сақтауға болады.

Сондай-ақ, Cross X-та жеңіл жүріске арналған қуатты аспа бар, соның арқасында оқиға орнына жылдам жетуге болады. Сонымен қатар аккумуляторға түрлі жабдықтарды қосуға болады, бұл әсіресе алғашқы көмек көрсету қызметкерлері үшін өте қажетті.


7. Жаңа функционалдық электровелосипед – Entz

Аталған Entz электровелосипедін «A2B» компаниясы әзірлеген. Бұл жаңалық джастус Б. Энц — америкалық электромагнитті тапқан өнертапқыштың құрметіне аталған. Entz 250 Вт қуаты бар CONTI қозғалтқышымен және литий-ионды аккумулятормен жабдықталған.

Сондай-ақ, CONTI – ең кішкентай және жеңіл, бірақ электронды қозғалтқыштың ең қуатты түрі болып есептеледі екен. Ол жарықтандыру, қашықтан басқару қызметімен және батареялармен жабдықталған. Сонымен қатар, қашықтық, жылдамдық, батареяның қызмет ету мерзімі сияқты деректерді экраннан көруге болады.


Дайындаған: Б.Ерман

ERNUR.KZ