Жүргізушінің 2 апталық өмірі бағдаршамда өтеді: автоәлемдегі СІЗ БІЛМЕЙТІН деректер

0
6 437

Бұларды көп адам білмейді!


Жүргізушінің 2 апталық өмірі бағдаршамда өтеді: автоәлемдегі СІЗ БІЛМЕЙТІН деректер

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Бұрын адамдарға арман болған автокөліктер қазір екінің бірінде бар. Тіпті, көліксіз өмір сүруді елестете алмайтындар да жеткілікті. Тәуліктің адамдар қимыл жасайтын мезгілінде терезеден көшеге қарай қалсаңыз, ағылып жатқан көлікті көресіз. Бұл автоиндустрияның жетістігі. Алғашқы көлік пайда болғаннан қазіргі кезге дейін көліктер қатты өзгерді. Қозғалтқышы бар қарапайым вагондар күрделі механизмге айналды. Ал, сіз сол көліктер жайлы көп адам естімеген деректерді білгіңіз келе ме? Онда оқи отырыңыз.


Автокөліктер туралы қызықты деректер:

• Электромобильдер бензин жанармайымен жүретін автокөліктерден бұрын пайда болған;

• Автокөліктің алғашқы сызбалары Леонардо да Винчиге тиесілі;

• Жанармаймен жұмыс істейтін қозғалтқышты ойлап тапқанға дейін автомобильдер бу күшімен жүрген;

• ХХ ғасырдың басында Нью-Йорктегі барлық таксилер электромобильдер болған;

• Әлемдегі алғашқы жарыс көлігі 1900 жылы жасалған. Ол қуаты қуаты 35 ат күшіне тең қозғалтқышпен жабдықталған;

• Bugatti Veyron суперкары ең жоғарғы жылдамдықпен жүргенде минутына адам бір апта жұтатын оттегін тұтынады;

• Ұзындығы шамамен 200 шақырым болатын әлемдегі ең ұзын көлік кептелісі 1980 жылы Францияда орын алған;

• Әлемдегі ең жылдам реактивті автомобиль — реактивті қозғалтқышпен жабдықталған Thrust SSC маркалы көлігі. Оның жылдамдығы 1229 км/сағ-тан асып түскен екен. Автокөлікке жалпы қуаты 110 мың ат күші болатын екі реактивті қозғалтқыш орнатылған;


• Әлемдегі ең үлкен автокөлік — белоруссиялық БелАЗ 75710 карьерлік жүк көлігі. Бұл көліктің биіктігі сегіз метрден асады, ал салмағы – сегіз жүз тонна;

• Өткен ғасырдың 60-шы жылдары шығарылған ең кішкентай автокөлік ағылшындар жасаған Peel P50 автомобилі. Бұл бір орындық модельдің биіктігі 1,2 метрден аспайды, ені -1 метр, ұзындығы - 1,34 метрді құрайды;

• Әлемдегі ең жылдам автокөлік — Bugatti Veyron Super Sport. Сынақ кезінде бұл модель сағатына 434 шақырым жылдамдықпен жүрген;

• Әлемдегі ең көп шығарылған көлік маркасы – VW Beatle немесе "қоңыз Фольксваген". Бұл автокөліктің алғашқы үлгісі алпыс жылға жуық уақыт бойы аздаған өзгерістермен шығып отырған;

• "Трабант" атауымен өндірілген автокөліктердің шанағы престелген мақта материалынан жасалған. Тіпті, ол көліктің шанағы жейтін затқа ұқсағандықтан, ауылдық жерлерде ешкілер кемірген оқиғалар да орын алған;

• Ағылшындық AC Cobra компаниясы өздері өндіретін қозғалтқыштардың дыбысын да патенттеп алған;

• Көліктер «өмірінің» шамамен 95%-ын тұрақта немесе гаражда өткізеді;

• Rolls-Royce атауымен өндірілген әрбір 100 көліктің кемінде 75-і әлі де жарамды болып жүр екен;


• Әлем бойынша ең ұзақ жол жүрген көліктің көрсеткіші – 4 586 063 мың шақырым;

• Түркіменстанда 2008 жылдан 2014 жылға дейін әр жүргізушіге ай сайын 120 литр жанармай тегін беріп отырған;

• Жаңа көлікте 50-ге жуық органикалық қосылыстардың иісі болады;

• Американдық жүргізушілер жыл бойы кемінде 38 сағат кептелісте тұрады;

• Автокөлікпен болған алғашқы жол апаты 1891 жылы АҚШ-тың Огайо штатында тіркелген. Қазіргі уақытта жол апатынан қайтыс болу қаупі 1/5000 деп бағаланады;

• Жүргізушілердің шамамен 40%-ы жол апатына ұшырар алдын тежегішті басып үлгермей қалады екен;

• Әлемнің көптеген елдерінде дыбыстық сигналды апаттың апаттың алдын алу үшін ғана басуға рұқсат етіледі;

• Көліктегі қауіпсіздік белдігін Volvo компаниясы патенттеген. Бүгінгі таңда қауіпсіздік белдігі әр 6 минут сайын бір адамның өмірін сақтап қалады;

• Әлемде автомобильдер көбейіп келеді. Тіпті Америкадағы Лос-Анджелес қаласында тұрғындарға қарағанда көліктер саны көп екен;

• Көлікті оталдыру үшін жарты шай қасық жанармай жеткілікті;

• Цилиндр блогынан мыңдаған шанышқы, қасық сынды асхана құралын жасауға болады;

• Көліктің әйнек тазалағышын әйел ойлап тапқан;


• «Феррари» компаниясы орташа есеппен күніне 14 көлік өндіреді;

• Ең үлкен әрі ең ауыр лимузин – "Mitnight Rider" деп аталады. Салмағы 22934 келі тартатын көлікке 40-тан астам жолаушы сыйады және ішінде 3 жеке шағын ресто-бар орналасқан;

• Автокөлік апатқа ұшырағанда пайда болатын қорғаныш жастықшалар орташа есеппен 22 адамның біреуін өлімге ұшыратады;

• Автокөлікпен күнге жету үшін 150 жылдан астам уақыт кетеді;

• Жүргізушілердің 56%-ы көлігін айына 1 рет жуады;

• Шанхайда қызыл түсті көліктермен жүруге тыйым салынған;

• Бұғыларды аңшыларға қарағанда жүргізушілер көп өлтіреді екен;

• Жылдамдықты асырғаны үшін салынған ең көп айыппұл Швейцарияда тіркелген. Ол 1 млн. АҚШ долларын құрайды;

• Орташа есеппен әрбір жүргізуші өмірінің 2 аптасын бағдаршамның қызыл түсіне тоқтап тұрып өткізеді.

Біз жинаған қызықты деректер әзірге осы.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Қозғалтқыштың ақауын оңай анықтауға болады


Көлік доңғалағы тесіліп қалса, БҰРАНДА мен ГЕРМЕТИК көмектеседі