Психолог ашқан өнер мектебі

0
3 688

Қазіргі күні өнер-білім орталықтарының көбейгені рас. Бұл жастардың өнер мен білімге деген сұранысының жоғары екенін білдірсе керек.


Психолог ашқан өнер мектебі

Қазіргі күні өнер-білім орталықтарының көбейгені рас. Бұл жастардың өнер мен білімге деген сұранысының жоғары екенін білдірсе керек. Бүгін біз айтатын «DANALI Production» музыкалық мектебі мен дыбыс жазу студиясын психолог-нумеролог Айгүл Махатова ханым осыдан екі жыл бұрын ашқан екен.

Өзгеге ұқсамайтын музыкалық мектеп қазіргі таңда 6 бағыт бойынша жұмыс істейді. Атап өтер болсақ, домбыра, гитара, фортепиано аспаптарында кәсіби және әуесқой негізде ойнауды үйретіп, одан өзге вокалдан ән айтуды меңгертеді. Музыкалық мектепте аспапта сүйемелдеу курсынан бөлек, актерлық өнер мен би түрлерінен сабақ өтіледі, бұған қоса дыбыс жазу студиясы да жастар үшін жұмыс істеуде.

«DANALI Production» - да екі би ұжымы құрылып, олар үлкен сахналарда концерттер мен мерекелік шараларда өнер көрсетіп жүр. Ұлдар командасы «Royal Blood» (Ройал Блад), ал қыздар командасы «Golden Queens» (Голден Куинс) деп аталады.


"«DANALI Production» - ның басты мақсаты – әнші, музыкант әрі биші Дана Алиге және музыкалық мектепте оқитын басқа да талантты һәм дарынды жастарға продюссерлік қолдау көрсетіп, өнерлерін елге және шетелдерге танытып, кәсіби түрде дамыту. Сондай-ақ музыкалық мектепте өнерге талпынған кез келген жастағы өнерге қанат қаққандарға музыкадан білікті мамандармен дәріс беріп, оны үйрету және елге таныту болып отыр"-дейді Айгүл Махатова.

Фото жеке мұрағаттан алынды.

Автор: @karashash_esenbay

ERNUR.KZ