​15 минутта дайын болатын шелпек

0
9 750

Шелпек пісіруге көп уақытыңызды жоғалтпайсыз. Мынадай 15 минуттық шелпек рецептін біліп алсаңыз тез-ақ дайындауға болады.


​15 минутта дайын болатын шелпек

фото: travel-dom.ru

Қажетті өнімдер:

  • 2 стақан ұн
  • 200 гр. қаймақ
  • 2 ас қасық май
  • Жарты шай қасық ас содасы
  • Қант
  • Тұз
  • Салмаға:
  • 100 гр. брынза
  • 3 дана жұмыртқа
  • 4-5 тіс сарымсақ
  • 2,5 ас қасық майонез.


Дайындалу тәсілі:

  1. Алдымен табаға қаймақ пен майды құйып, тұз, қант қосып, араластырыңыз. Сосын осы араласпаға аз-аздан ұнды салыңыз. Сөйтіп қамыр илеңіз.
  2. Енді салманы дайындау қажет. Ол үшін жұмыртқаны қайнатып, суытып алыңыз. Қабығын аршып, тураңыз да, үккіштен өткізілген брынза, майонез, майдалап туралған сарымсақпен араластырасыз.
  3. Қамырды 4 бөлікке бөліп, жаясыз. Жайылған шелпектің арасына брынза салмасын салып, қамырды біріктіріп, дөңгелек шелпек формасына келтіресіз. Сосын қолмен басып жайып, қызып тұрған майға салып қуырады. Шелпектердің екі жағын бірдей қызарта қуырып, қалған қамырлардан да дәл осындай шелпектер жасау керек.


Сүтке иленген шелпектер

фото: img-global.cpcdn.com

Қажетті өнімдер:

  • 500 гр. ұн
  • 25 гр. ашытқы
  • ½ стақан сүт
  • Азырақ тұз
  • 2 ас қасық қант
  • 7 ас қасық өсімдік майы қажет.
  • Себелеу үшін:
  • 200 гр. сыр
  • 3-4 тіс сарымсақ
  • 5 ас қасық май
  • Азырақ насыбайгүл мен бұрыш.


Дайындалу тәсілі:

  1. Кастрөлге сүт құйып, тұз бен қантты салыңыз. Бір қайнатып, суытасыз да жылыдай ашытқыны саласыз. Ашытқы көпіршігенше күте тұрыңыз. Оған дейін сырды үккіштен өткізіп, сарымсақты майдалауға болады. Сөйтіп маймен араластырып қойыңыз.
  2. Енді қамырды илеп, бірнеше бөлікке бөлесіз. Әр қайсысынан шелпектер жайып, арасына май жағамыз да, сарымсақты сырды себелеп, қамырды бір-біріне жабыстырыңыз. Сөйтіп қолмен шелпек жасап, пеште, немесе майда пісіріп ала бересіз.

Дайындаған: Құрманкүл Әти,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Чипсы мен "кириешкиді" қолдан дайындаудың оңай әдістері


Тауықты бүтіндей пісірейік!


Шеф-аспаздар ұсынған 12 кеңес