Ағзаны ҚУАТТАНДЫРАТЫН үш түрлі САЛАТ

0
4 148

Бұл ҮШ түрлі КӨКӨНІС сізді артық салмақтан құтқарады әрі ағзаңызды дәруменмен байытады


Ағзаны ҚУАТТАНДЫРАТЫН үш түрлі САЛАТ

фото: yandex.kz

Көктемде адам ағзасы әлсіреп, ыстық тамаққа тәбеті тартпайды. Бұл кезде кез келгеніміз жеңіл әрі құнарлы азық іздейтініміз анық. Ендеше, ас үйдегі мына үш көкөністен өзіңіз іздеген салатты дайындап жесеңіз болады.


Асқабақтан дайындалған салат


Керектілер:

  • 1 бас қырыққабат
  • 1 дана сәбіз
  • 1 дана алма
  • 200-300 гр. асқабақ
  • 2-3 ас қасық лимон шырыны
  • шым-шым тұз
  • 2 ас қасық өсімдік майы
  • татымына қарай ұсақталған кориандр мен қызыл бұрыш қажет.


Дайындалу тәсілі:

Қажетті көкөністерді арнайы үккіштен өткізіп, бір ыдысқа саласыз. Оған лимон шырынын, тұз, дәмдеуіштер мен 3-5 ас қасық өсімдік майын қосасыз бәрін мұқият араластырып, сөлін сығып алыңыз. Дайын болған салаттың бетіне тәбетіңіз тартқан жаңғақты үгітіп себесіз.



Қызылшадан дайындалған салат


Керектілер:

  • 1 келі қырыққабат
  • 3 дана қызылша
  • 3 тіс сарымсақ
  • 25 мл сірке суы
  • 1,5 ас қасық өсімдік майы
  • татымына қарай тқз
  • 0,5 стақан шекер қажет.


Дайындалу тәсілі:

Қырыққабатты майда үккіштен, қызылшаны ірі үккіштен өткізіңіз. Сарымсақты ұсақтау керек. Бәрін бір ыдысқа салыңыз. Оған тұз, шекер, сірке су қосып, жақсылап нығыздайсыз. Ауыр затпен бастырып қойсаңыз да болады. Бірнеше сағаттан соң дайын болған салатқа май қосып, ұсақталған көктермен әсемдеңіз.


Қиярдан дайындалған салат

Керектілер:

  • 0,5 дана қызыл және сары бұрыш
  • 0,5 дана пияз
  • 1 дана қияр
  • 1 тіс сарымсақ
  • 1 шай қасық лимон шырыны
  • 1 ас қасық зәйтүн майы
  • 1 шай қасық бал
  • 1 шай қасық қыша
  • ақжелкен
  • татымына қарай тұз бен бұрыш қажет.


Дайындалу тәсілі:

Бұрышты дәндерінен тазалап, ұзыншалап турайсыз. Пиязды жартылай дөңгелектеп турау керек. Егер пияздың ащы дәмі мен өткір иісін жойғыңыз келсе, онда мына әдісті ұсынамыз. Ол үшін пиязға ыстық су құйып, 2 минуттай бетін жауып қоясыз. Белгіленген уақыттан соң пиязды сірке суы қосылған суға (100 гр. суға 1 шай қасық сірке су) салып, тағы да 5 минут бетін жауып қою керек. 5 минуттан соң пиязды сүзіп алып, таза суға саласыз. Қиярды да ұзыншалап турау керек. Енді тұздықты әзірлейміз. Ол үшін: бір ыдысқа лимон шырынын, бал, зәйтүн майын, қыша мен ұсақталған сарымсақты салып, мұқият араластырасыз. Оған қсақтап туралған ақжелкенді, тұз бен бұрышты қосыңыз. Дайын болған тұздықты көкөніске қосып, жақсылап араластырыңыз.


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


8 наурызға арналған МЕРЕКЕЛІК торт


Жұмада пісіретін ЖЕТІ ШЕЛПЕКТІҢ ерекше ЕКІ рецепті