Аспаз болу оңай көріне ме? Ендеше қиын жағдайды басынан өткізген аспазшы өмірін оқыңыз.
Еліміз қымбатшылық заманды басынан өткізіп жатса да әр күн сайын қай салада болмасын жаңа дүниелер ашылып жатқанын жасыра алмайсың. Сол секілді аспаздық өнер де бір орында тұрып қалмай, шебер аспаздардың біліктілігімен күннен-күнге дамып, жаңалықтармен таңқалдыруда. Олардың ішінде – «Altyn Shef» Компаниясының директоры, шеф-аспаз Индира Оспанова да бар. Ұлттық тағамдармен қатар, Еуропа, Италия, Шығыс асханасының нағыз шебері Индира ханым бүгін бізде қонақта.
- Индира ханым, алғашқы сұрағымызды балалық шағыңыздан бастасақ. Бұл өнерге қызығушылығыңыз қай жаста басталды? Бұл өнерге қалай келдіңіз?
- Аспаздық қызметті 2004 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Мейрамханада салат жасауды үйреніп, 10 күн бойы барымды салдым. Осы аралықта директорымыз менің пысықтығымды байқап, бас аспаз етіп сайлады. Осылайша менің аспаздық жолындағы өмірім басталып кетті. 2011-ші жылға дейін сол мейрамханада аспазшы болып келдім. Сосын ойлана келе бұл кәсіппен өзім жеке айналысамын деп шештім. Міне, сол жылдардан бері қарай осы өнер саласындамыз.
- Менің аспаздық қызметте жүргеніме биыл 12 жылдың көлемі болды. Анамның ақылымен, сол кісінің айтуымен аспаздықты таңдағанмын. 12 жасымнан асхана жұмыстарына араласып, тағамдарды дайындай бастадым. Себебі, анам қатты ауырып, бізге қарай алмады. Өзімнен кейінгі сіңлілеріме қамқор болып, үйдегілерге ас-ауқат дайындау керек болғасын да маған аспаздықты үйренуге тура келді. Қыздың жаны нәзік болғанымен, сондай епшіл, барлық жағынан икемді болып келеді ғой. Мен де анамның үйреткенін қағып алып, барынша тәтті-дәмділерді пісіруге құмар едім. Бастапқыда әрине, дәмді етіп ас дайындадым деп айта алмаймын. Бірақ, қазір мамандығым өзіме қатты ұнайды.
- Ең алғаш дайындаған тағамыңыз есіңізде ме?
- Әрине есімде. Ең алғаш мен пирожки пісіргенмін. Жоғарыда айтып өткенімдей сол уақытта анам қатты сырқаттанып жатты. Кішкентай ғана қыз болсам да, қамыр илеп, нан жайып, пирожки пісірдім. Сөйтіп, күнкөрістің қамы үшін пирожкилерді сатып, нан тауып жеген күндеріміз болған. Бүгінде мұның бәрі көрген түсім сияқты.
- Кәсіби аспаздық қызметке қай жылы келдіңіз?
- Қазіргі уақытта өзімнің «Altyn Shef» деп аталатын компаниям бар. Аллаға шүкір компания жұмысы да жаман емес. Жартылай фабрикаттарды дайындайтын цехымыз жұмыс істейді. Сонымен қатар, еліміздің жарық жұлдыздарымен де жұмыс істеп жатқан жайымыз бар. Алтынай Жорабаева, Қарақат Әбілдина, Тамара Асар, Айнұр Тұрсынбаева әнші қыздарыңыздың отбасыларындағы қызықты кештерге дастархан жайып, өз қызметімді жасап келемін.
- Иә, Алтынай Жорабаеваның Астанадан алтын сарайдай үй алып, дастархан жайғанын желілерден көрген едік.
- Алтынай ханымның ұсынысымен жаңа үйге кіру салтанатында дастархан жайған болатынмын. Одан бөлек, туған күндерде, басқа да қонақ шақыратын болса, әрқашанда маған айтады. Тамара Асар ханымның туған күніндегі кеште де бар өнерімізді салып дастархан жайдық. Мен бұған өте қуаныштымын. Осындай күнді көрсеткен Аллама, аспаздық өнерді таңдауға себепші болған марқұм анама мың алғыс айтамын.
- Аспаздық өнер сізге не үйретті?
- Көп нәрсе үйретті деп айта аламын. Ең алдымен, жылдамдықты, пысықтықты талап етті. Міне, осы талаптарға лайық болғанда ғана нағыз аспазшы болып шығамыз. Сонымен қатар, мен аспаздық өнерімнің арқасында қанша елдерді аралап, ел көріп, жер көріп жүрмін. Мұның бәрі де еңбектің жемісі деп білемін.
- Қарапайым аспаздан қалай білікті аспазға айналуға болады? Ол үшін не істеу керек?
- Барлығымызда алдымен қарапайым аспазшы болдық. Еңбектеніп, үйреніп, білім алғанның арқасында осындай деңгеңге жетіп отырмыз. Яғни, қарапайым аспаздан білікті аспазға айналу үшін тек оқу керек, үйренуден жалықпау керек. Мен де қазіргі таңда уақытымның көп бөлігін осы үйренумен өткіземін. Онсыз болмайды. Бір орында тұрып қалуға болмайды. Себебі, барлық салада күн сайын жаңалықтар шығып жатады. Кулинарияда дәл солай. Сондықтан да жаңалықтан құр қалмауымыз керек.
- Сүйікті тағамыңыз қандай?
- Ұлттық тағамымыз – бесбармақты жақсы көремін. Сүрленген ет пен қазы, картоп салынған ет тағамын сүйіп жеймін. Сосын өз қолыммен жасаған құртты, италиянша пастадан да бас тарта алмаймын.
- «Ең мықты аспаздар – ер адамдар» деген түсінік қалыптасқан. Сіздің пікіріңіз қандай?
- Иә, бұл пікірмен келісемін. Біздің елде мықты аспаз жігіттер өте көп. Дегенмен, ер-азаматтарға қарағанда нәзікжандылар бұл салада пысықтау болатын сияқты. Олар соңына дейін бара алады. Менің айналамда өз мейрамханаларын ашып, жақсы табыс тауып отырған әйелдер өте көп.
- Жас мамандарға, аспаздық саласын үйренгісі келетіндерге 3 кеңес бере кетсеңіз.
- 1. Жаңа жоғарыда айтып өткендей, аспазға ең алдымен жылдамдық керек.
2. Төзімділік, шыдамдылықты серік ете алған адам ғана аспаз бола алады.
3. Көп оқып, көп үйрену керек.
- Қазір барлық жерде қымбатшылық орын алып жатыр. Тіпті, нан бағасына дейін көтеріліп кетті. Осы орайда айта кетсеңіз, сіздердің қызметтеріңіз «қымбаттап» жатқан жоқ па?
- Біз әр адамға 800-1500 теңге аралығында еңбекақымызды аламыз. Оның ішінде екі ыстық тағам, төрт түрлі тіскебасар, төрт түрлі салат, самса, чебуреки, жемістерді сәндеу, дастарханды әсемдеу кіреді. Доллар бағамы өскен сайын біздің қызметіміз де өседі деп айтуға болмайды. Өйткені, бастапқыда қойған бағамен әлі де жұмыс істеп келеміз.
- Инстаграм парақшаңызда италияндық, еуропалық тағамдарды дайындайтыныңызды айтқан екенсіз. Байқағанымдай шетел асханасына ұсыныс көп түсе ме?
- Иә, мұндай тағамдарға сұраныс көп. Себебі, бұлардың барлығы жеңіл тағамдар. Дегенмен, қазақтың бесбармағын өте жиі дайындаймыз.
- Индира ханым, аспаздық өнерде талмаңыз, шаршамаңыз. Еңбегіңіздің жемісін көріңіз.
Сұхбатты жүргізген: Құрманкүл Өмірзаққызы,
(Суреттер Назгүл ханымның жеке мұрағатынан алынды)
Индираның асханасынан 1 рецепт:
Итальянша «Тальятелле» пастасы
Керектілер:
- 0,5 кг тауық еті
- Макарон
- Ірімшік (пармезан)
- 33 пайыздық кілегей
Макаронды қайнатып аламыз. Ал, тауық етін майға қуырамыз да, кілегейді құйып, бұқтырып қоямыз. Дәмдеуіштер мен тұз, бұрышты салып, ет піскеннен кейін макаронмен араластырамыз. Барлығын жақсылап араластырып, бетіне үккіштен өткізілген сырды себелеп жей беруге болады.
Лечо салатын жасаудың өз әдісі бар
Мына асханалық қулықтар әйелдердің жүйкесіне әсер етпейді
Сұхбатты көшіріп басу редакцияның рұқсатымен іске асады