АУЫЗАШАРҒА шоколадты ҚҰРМА дайындаңыз

0
4 987

​Сәресі мен ауызашарда құрма жеп жүрсіз бе?


АУЫЗАШАРҒА  шоколадты ҚҰРМА дайындаңыз

Кептірілген құрмамен ауыз ашу сүннет болып табылады. Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.): "Кім ораза ұстайтын болса, аузын құрмамен ашсын, құрма табылмаса сумен ашсын. Себебі, су - тазартушы" - деген.

Бірақ кейбіреулерге құрманың дәмі ұнамауы мүмкін. Егер құрманы біз ұсынған әдіспен дайындайтын болсаңыз, ешкім де одан бас тарта алмайды. Дәмі тіл үйірер тәттіден қайта-қайта жей бергіңіз келетіні сөзсіз. Ендеше қарап отырғанша, ауызашарға дәмді құрма дайындауды үйренейік!


Грек жаңғағы мен бал қосылған құрма


Қажетті қоспалар:

  • 4-5 дана кептірілген құрма
  • 150 гр. грек жаңғағы
  • 50 мл су
  • 40 гр. қант
  • 20 гр. бал
  • Қуыру үшін өсімдік майы қажет.

Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен құрманың ішіне салынатын грек жаңғағын дайындап аламыз. Ол үшін грек жаңғағын жуып, суға салып 5 минуттай қайнатамыз.
  2. Сосын салқын суға салып, кейіннен кептіріп аламыз.
  3. Кастрөлге су құйып, қант пен балды қосып, отқа қоямыз. Қант еріген соң грек жаңғағын саламыз. Қозғап отырып, қайнату керек. Содан соң буланбаған артық суы болса, оны төгіп тастау қажет. Майдаланған жаңғақты енді осы бойда өсімдік майына салып қуырып аламыз.
  4. Құрманың дәндерін алып тастап, оның онына жаңғақтан жасалған карамельді салып шығамыз.
  5. Дайын құрмаларды 30 минут мұздатқышқа салып қою керек. Сонда ерекше құрмаларды ауызашарға ұсына беруге болады.


Шоколадқа аунатылған тәтті құрма


Қажетті қоспалар:

  • Құрма
  • 1 дана шоколад
  • 150 гр. грек жаңғағы

Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен құрманың сүйегін алып тастаймыз.
  2. Артынша екіге бөлінген грек жаңғағын құрманың ішіне саламыз. Осылай барлық құрмаға жаңғақты салып шығу керек.
  3. Дайын шоколадты ерітіп, жаңғақ салынған құрмаларды шоколадқа бір салып алып, тәрелкеге жайғастырамыз да, тоңазытқышқа салып қатырып аламыз. Шоколадты құрмамыз да дайын. Астарыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Көктемге арналған ДӘРУМЕНДІ ТОРТ


ТӘТТІ ОРАМАНЫ үш түрлі рецептпен пісіріп көріңіз