​Болгар бұрышынан дайындалатын ДӘМДІ пісірме

0
5 114

Болгар бұрышында сүйектің нығаюына пайдалы кальций, фосфор элементтері мен А, С, В тобындағы дәрумендер бар.


​Болгар бұрышынан дайындалатын ДӘМДІ пісірме

Жаз мезгілінің алғашқы күндерінде болгар бұрышы сатылымға шығып, бағасы арзандап та үлгерді. Қазір бұрынғыдай емес, мұндай көкөністерді қыста да табуға болады. Алайда, бағасы қалта көтере бермейді. Ал, жазда барлық көкөністер қол жетімді бағада сатылады. Міне, осындай кезеңді пайдаланып, дәруменге бай болгар бұрышынан қалаған тағамыңызды жасай аласыз.


Тартылған ет пен брокколи салмасынан

дайындалған дәмді тағам

Қажетті өнімдер:

  • 8 дана болгар бұрышы
  • 300 гр. сиыр еті
  • 200 гр. брокколи
  • 1 дана пияз
  • 100 гр. қатты ірімшік
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш қосылады.

Дайындалу тәсілі:

Алдымен пиязды майдалап тураймыз.

Брокколиді де майдалап турау керек.

Етті ірі етіп турап, еттартқыштан өткіземіз.

Енді брокколи, ет пен пиязды араластырып, тұз, бұрыш қосамыз.

Ірімшікті үккіштен өткізіп, болгар бұрышын қақ ортасынан бөліп, дәндерінен тазартамыз.

Тазартылған болгар бұрышына ет қосылған салманы салып, бетіне ірімшікті себелейміз.

Салма салынған болгар бұрыштарын формаға жайғастырып, пешке саламыз. Пешті 180 градусқа қыздырылған пеште, пісірмелер 40-45 минутта дайын болады.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Өте ОҢАЙ әрі ДӘМДІ балмұздақ мәзірі


ДӘМДІ бауырсақтың ЕРЕКШЕ 2 мәзірі


Хит тағам: «Сигара бөрек»