Бұл пицца басқасынан өзгерек: шұжықшамен дайындаудың ерекше тәсілі

0
4 820

Пицца - оңай дайындалатын тағамдардың бірі. Ал, оны ерекше әрі дәмді етіп пісіру қыз-келіншектердің шеберлігіне байланысты.


Бұл пицца басқасынан өзгерек: шұжықшамен дайындаудың ерекше тәсілі

фото: i.ytimg.com

Әдетте, біреулер пиццаны дәмді ететін - оның түрлі салмаларының мол болуына мән берсе, енді бірі сапасын оның қамырымен өлшейді.

Дәмді пицца пісіру үшін оның ерекше түрін іздейтін қыз-келіншектер көп. Ендеше, қабыл алыңыз!

Салмасы мол әрі ерекше тәсілмен, әдеттегі пиццаны дәмдірек, тойымды етіп дайындаудың түрін ұсынамыз.


Қажетті өнімдер:

  • 800 гр. ұн
  • 2 дана жұмыртқа
  • 6 ас қасық өсімдік майы
  • 10 гр. ашытқы
  • 2 ас қасық қант
  • 500 мл су
  • 1,5 шай қасық тұз
  • 5 дана шұжықша (сосиска)
  • 60 гр. ысталған шұжық
  • 30 гр. саңырауқұлақ
  • 1 дана тұздалған қияр
  • 2 дана черри қызанағы
  • 100 гр. қатты ірімшік
  • 10 гр. майонез
  • 10 мл кетчуп

фото: itd3.mycdn.me


Дайындалу тәсілі:

  1. Қамырды илеп аламыз. Ол үшін табаққа жұмыртқа мен қантты, тұзды салып көпіршітеміз. Сосын жылы су құйып, барлығын араластырамыз.
  2. Ұнды електен өткізіп, ашытқы қосамыз да, қамырды илейміз.
  3. Қамырға өсімдік майын қосып, тағы бір илеп жібереміз.
  4. Қамырды жақсылап илеп, майлықпен орап, 1 сағат жылы жерге қоя тұрыңыз.
  5. Осы қамыр үш пицца жасауға жетеді.
  6. Қамырды үш бөлікке бөліп жайып, формаға саламыз. Сонда қамыр формадан шығып тұруы тиіс. Енді қамырдың ортасына салманы салып шығамыз.
  7. Шұжықшаларды ортасынан қақ бөліп кесіп, қамырдың айнала шетіне дөңгелектеп қойып шығамыз. Сосын формадан шығып тұрған қамырдың шет-шетін кесіп, шұжықшаның бетіне ораймыз.
  8. Пиццаның ортасына майонез бен кетчупты жағыңыз. Оның бетіне ірімшікті үккіштен өткізіп, оның бетіне майдалап туралған шұжық пен тұздалған қиярды салыңыз. Содан соң саңырауқұлақты, қызанақты саласыз. Пиццаның бетіне жұмыртқа жағып, 220-250 градусқа қыздырылған пеште пісіріп ала беруге болады.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


15 минутта дайын болатын шелпек


Чипсы мен "кириешкиді" қолдан дайындаудың оңай әдістері


Тауықты бүтіндей пісірейік!