​Ең сүйікті мәзір: КӘДІ мен ҚЫЗАНАҚТАН аджика

0
3 531


​Ең сүйікті мәзір: КӘДІ мен ҚЫЗАНАҚТАН аджика

Кәдіден аджика жасауға болатынын білетін бе едіңіз? Мұндай аджика өте дәмді болады. Міндетті түрде жасап көріңіз, ең жақсы мәзірді ұсынып отырмыз.

Қажетті өнімдер:

  • 3 кг кәді
  • 1,5 кг қызанақ
  • 0,5 кг болгар бұрышы
  • 0,5 кг сәбіз
  • 1-2 тал ащы бұрыш
  • 5 бас сарымсақ
  • 2 ас қасық тұз
  • 4 ас қасық қант
  • 200 мл өсімдік майы

Дайындалу тәсілі:

  1. Кәді мен қызанақты тазалап жуып, ірілеп турап, еттартқыштан өткізіп аламыз.
  2. Сәбіз бен болгар бұрышын да дәл солай еттартқыштан өткізу керек. Сонымен бірге қызыл ащы бұрышты да жуып, оны да бөлек мясуробкадан өткіземіз.
  3. Сарымсақтың қабығын аршып, арнайы престен өткізесіз немесе пышақпен майдалап турасаңыз да болады.
  4. Енді барлық көкөністерді қазанға салып, 4 ас қасық қант, 2 ас қасық тұз қосып, мәзірде көрсетілген мөлшермен өсімдік майын құямыз. Қайнағанға дейін отты қаттырақ қойып, сосын жай отта 45-50 минуттай қайнату керек. Аджика қайнап жатқанда міндетті түрде араластырып тұруды ұмытпаймыз.
  5. Аджика қайнап жатқанда еттартқыштан өткізілген қызыл ащы бұрышты саламыз.
  6. Кейіннен тағы да 10-15 минуттай қайнатамыз. Дайын аджиканы кішірек банкаларға құйып, қақпағын бұрап жабамыз. Банкаларды алдын ала залалсыздандырып алған дұрыс.
  7. Банканың қақпағын бұрағаннан кейін сыртынан жылы орап, сосын салқын жерде сақтаймыз.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Өрік тосабы мен апельсиннен дайындалған пирог


Қарбыз бен қауыннан МАРМЕЛАД жасай білесіз бе?