​Ең ТОЙЫМДЫ таңғы ас: жұмыртқа мен лаваштан ДӘМДІ рецепт

0
8 428

Таңғы астың құнарлы әрі тойымды болғаны дұрыс. Бүгінгі мәзір дәл осы критерийге сай келеді.


​Ең ТОЙЫМДЫ таңғы ас: жұмыртқа мен лаваштан ДӘМДІ рецепт

Біздің қазақ лавашты тағамға енді-енді ғана пайдаланып жүр. Бұрынғы апаларымыз лаваштың орнына пәтір нан, қаттама дайындап беретін. Бірақ та лаваштың да өзіндік ерекшелігі бар. Лавашпен кез келген тағам дәмді болып шығады. Әсіресе таңғы асқа жұмыртқамен қосып пісіретін болсаңыз, күн сайын мұндай таңғы ас дайындауға құмартып тұратын боласыз.

Ендеше лаваш пен жұмыртқа қосылған тағамымызды пісіруді бастайық!


Пісірме лаваш

Қажетті өнімдер:

  • 3 дана жұмыртқа
  • 1 дана лаваш
  • 100 мл сүт
  • 100 гр. ірімшік
  • Ақжелкен
  • Қара бұрыш, тұз
  • Өсімдік майы.



Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен лавашты орап, сосын жіңішкелеп тураймыз. Сосын басқа да қоспаларды дайындаймыз.
  2. Үш жұмыртқаны табаққа жарып салып, оған қара бұрыш пен тұз қосамыз. Артынша сүтті құйып, жақсылап араластыру керек. Содан соң қызанақты да текшелеп, майда қалыпта тураймыз. Болгар бұрышы да дәл солай туралады.
  3. Ал, ірімшікті үккіштен өткізу қажет.


4. Енді барлық қоспаларды біріктіру ғана қалды. Ол үшін табаға азырақ май құйып, лавашты саламыз. Лаваштың үстіне сүт пен жұмырптқа араласпасын құямыз. Содан соң туралған қызанақ пен болгар бұрышын жайып салу керек.

5. Ең бетіне үккіштен өткізілген ірімшікті себелеп шығамыз. Табаның қақпағын жауып,жай отта 15 минут пісіреміз. Өте дәмді тағамымыз да дайын болды. Лаваш қосылған мұндай таңғы асты тәрелкеге салып, пирогты кескендей кесіп, дастарханға ұсына беруге болады.


Шұжық пен қызанақ қосылған лаваш


Қажетті өнімдер:

  • 1 дана жұқа лаваш
  • 100 гр. ірімшік
  • 100 гр. шұжық
  • 60 гр. қызанақ
  • 2 дана жұмыртқа
  • Тұз, бұрыш
  • Дәміне қарай күнжіт қосуға болады.

Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен ірімшікті үккіштен өткізесіз. Қызанақ пен шұжықты текшелеп тураңыз.
  2. Лавашты ортасынан бөліп, сосын осы екі лавашты табаның диаметрімен сәйкестендіріп, дөңгелек қалыпта кесіп шығу керек.
  3. Дөңгелек лаваштың біреуін табаға салып, оның бетіне ірімшіктің жартысын жайып саласыз.
  4. Жұмыртқаны табаққа салып, тұз, бұрыш қосып араластырыңыз. Содан соң осы араласпаны ірімшіктің бетіне құясыз. Оның бетіне туралған қызанақ пен шұжықты жайып саласыз. Қалауыңызша бұрыш қоссаңыз болады.
  5. Енді қалған ірімшікті себелеп жайып, оның бетіне екінші дөңгелек лавашты жабасыз. Сосын үстінен жай-жай басуға болады.
  6. Табаның қақпағын жауып, лавашты 5 минуттай отта ұстайсыз. Лаваштың бетіне жұмыртқа жағып, күнжітті себелеуді ұмытпаңыз.
  7. 5 минуттан кейін лаваштың екінші бетін аударып, тағы да 4-5 минут отта ұстау керек. Тағамды бірнеше бөлікке бөліп кесіп, дастарханға ұсына беріңіз.
  8. Тез әрі өте дәмді таңғы асымыз дайын!

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Ораманың ҮЙДЕ ПІСІРЕТІН 4 түрлі РЕЦЕПТІ


Тараздық келін қанша табыс табатынын айтты


Тез дайындалатын ЕРЕКШЕ пісірмелер