​ЕРЕКШЕ "ЧАК-ЧАК"

0
7 908

Өте дәмді әрі дастарханның сәнін ашады


​ЕРЕКШЕ

Чак-чак татар мен башқұрт ұлтының ең сүйікті тағамы. Дайындалуы да қиын емес. Алайда бүгін біз үйреншікті әдіспен дайындалатын чак-чак мәзірін ұсынбаймыз. Ерекше әдіспен дайындалатын әрі пішіні де өзгеше чак-чак дайындайтын боламыз.


Қажетті өнімдер:

  • 3 дана жұмыртқа
  • Қамыр қопсытқыш
  • 100 мл су
  • 500 гр. ұн
  • 100 гр. сары май немесе маргарин
  • 2 ас қасық какао
  • Сироп үшін:
  • 150 гр. шекер
  • 75 мл су.


Дайындалу тәсілі:

  1. Табаққа жұмыртқаны, ұн мен сары майды, қамыр қопсытқышты салып, су құямыз да жұмсақ қамыр илейміз. Бетін жауып тындырып қоямыз.
  2. Июі қанған қамырды үш бөлікке бөліп, оның біреуіне какао ұнтағын қосып, тағы бір илеп жібереміз.
  3. Сосын дайын қамырларды жұқалап жаю қажет. Үстелдің үстіне алдымен какао қосылмаған қамырды жаямыз да, оның бетіне қоңыр түсті қамырды, сосын үшінші қамырды бетіне жайып, барлығын біркелкі етеміз. Жан-жақтарын да бір-біріне жеткізіп, қамырды төртбұрышты етіп кесіп шығамыз.
  4. Әрбір қамырдың көлемі 1,5х1,5 см шығатындай болуы керек. Содан соң төртбұрышты қамырдың әрбір ұшын бір-біріне жабыстырып, ерекше етіп түйеміз.
  5. Осы түйілген қамырларды тоңазытқышқа салып қоямыз. Әйтпесе қамыр тым жұмсарып кетуі мүмкін.
  6. Осы уақыт аралығында өсімдік майын қыздырып, қызып тұрған майға қамырларды салып қуырамыз.
  7. Құмшекер мен су құйылған табақты отқа қойып, 5-7 минуттай қанатамыз да, сиропты дайындаймыз. Енді осы сиропқа қуырылған чак-чактарымызды салып аламыз. Бетіне ерітілген шоколадты құйып, әсемдеуге болады. Ерекше дәмді әрі жұмсақ чак-чак осылай дайындалады. Астарыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Армянша ХАШЛЯМА тағамы


КӨКТЕМГІ РЕЦЕПТ: «Кемпірқосақ» торты


Тойымды әрі дайындалуы ОҢАЙ ПИРОГ-ПІСІРМЕ