Иммунитетті көтеру үшін ҚҰРТ ҚОСЫЛҒАН ас ішіңіз

0
7 478

Әсіресе көктем мезгілінде құрт қосылған тағамдар иммунитетті көтеріп, ағзамыздың зиянды бактериялар мен вирустарға қарсы тұруына көмектеседі.


Иммунитетті көтеру үшін ҚҰРТ ҚОСЫЛҒАН ас ішіңіз

Құрттан да түрлі тағамдар жасауға болады. Қазақтың ұлттық тағамдарына жататын құрт өте қышқыл болатындықтан тағамның дәмін кіргізіп, ерекше хош иіс сыйлайды. Бүгінде аспаз шеберлері құртпен заманауи тағамдарды жасап, көпшілікке ұсынып та қойған. Ендеше дәмді тағам жасағыңыз келсе, бізбен бірге болыңыз.


Құрт қосылған дәмді сорпа

Қажетті қоспалар:

  • 3 дана орташа көлемдегі картоп
  • 1 дана пияз
  • 1 балдыркөк тамыры
  • Өсімдік майы
  • 300 гр. құрт

Дайындалу тәсілі:

  1. Табаға өсімдік майын құйып, оған туралған пияз, балдыркөкті салып қуырып аламыз. Сосын осы қуырмаға жіңішкелеп туралған картоптарды саламыз. Егер майды көбірек құйған болсаңыз, осы уақытта оны қасықпен алып тастауға болады.
  2. Сосын табаға су құйып, көкөністерді бұқтырады. Көкөністер жұмсарған уақытта езілген құртты салып, қайнатады.
  3. Табадағы бұқтырманы кастрөлге құйып, блендермен бірдей массаға келгенше айналдырады. 3 минуттан кейін ыдыстарға құйып, дастарханға ұсына беруге болады.


Кеспе мен құрт қосылған жеңіл сорпа


Қажетті қоспалар:

  • 2 дана картоп
  • 1 дана сәбіз
  • 1 дана пияз
  • Кеспе
  • Тұз, бұрыш, құрт қосылады.

Дайындалу тәсілі:

  1. Алдымен картопты текшелеп, сәбізді ұзыншалап, пиязды майдалап турап аламыз. Содан соң қазанға азырақ май құйып, пиязды қуырып, картоп пен сәбізді саламыз. Оларды қуыруға да, қаласаңыз қуырмай су құя салуға да болады. Кеспе көжеге қажетті суды құйып, біраз қайнатамыз.
  2. Қайнаған сорпаға кеспені салып, пісуіне 3 минуттай уақыт қалғанда ұнтақталған құртты саламыз. Дәміне қарай тұз, бұрыш салып, құрттың езілуін күтеміз. Құрт ары кетсе 5 минутта езіліп шығуы керек. Сорпамыз да дайын болды.


Саңырауқұлақ пен құрттан қатпарлы пісірме


Қажетті қоспалар:

Қамырға:

  • 1 стақан ыстық су
  • 1 дана жұмыртқа
  • 1 ас қасық өсімдік майы мен сірке суы
  • 1 ас қасық тұз
  • 1 ас қасық қант
  • 200 гр. сары май
  • 3,5 стақан ұн.
  • Салмасына:
  • 150 гр. саңырауқұлақ
  • 20 гр. сары май
  • 2 ас қасық лимон шырыны
  • 200 гр. құрт
  • 2 дана жұмыртқа
  • 3 ас қасық ұн
  • Тұз, ақжелкен қосылады.

Дайындалу тәсілі:

  1. Қамырға қажетті заттың бәрін қосып, жақсылап қамыр илеп аламыз. Оның июі қанғанша біраз тұруы керек.
  2. Ал, оған дейін саңырауқұлақты турап, дайындай берейік. Саңырауқұлақ пен ақжелкенді майдалап турап аламыз.
  3. Қазанға сары майды, саңырауқұлақ пен лимон шырынын құйып, араластыра отырып, 10 минут пісіреміз. Сосын қазанды оттан алып, бір шетке қоя тұрамыз. Пешті электр тоғына қосамыз.
  4. Қамырды жайып, қалыңдығын 3 мм –дей етеміз. Ал, диаметрі 23 см шығуы керек. Осындай қалыппен қамырды домалақтап кесіп аламыз да, қалғанын шетке қоя тұрамыз. Осы қамырды табаға немесе арнайы формаға салып, кішкене пеште пісіріп алу керек.
  5. Қамыр піскенше салмасын дайындап алайық. Ол үшін құртты шанышқымен езіп, саңырауқұлақпен, ақжелкенмен араластырамыз. Жұмыртқаны қосуды да ұмытпаймыз. Дәміне қарай тұз салып, тағы бір араластырамыз.
  6. Форманы пештен шығарып, қамырдың бетіне салманы саламыз да оның бетіне қалған қамырды жайып саламыз. Пісірменің жан-жағы жақсы жабылуы керек. Қамырды бір-біріне ашылып кетпейтіндей етіп жабыстырып шығамыз.
  7. Сосын пышақтың ұшымен ғана пісірменің ортасын тесіп, бетіне жұмыртқаның ақ уызын жағу керек.
  8. Пісірмеміз 15-20 минутта дайын болады. Піскен тағамды бірден кеспейміз. 10 минуттай суытқан дұрыс. Содан кейін ғана пісірмені кесіп, дастарханға апара берсеңіз болады.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Ағзаны ҚУАТТАНДЫРАТЫН үш түрлі САЛАТ


8 наурызға арналған МЕРЕКЕЛІК торт


Жұмада пісіретін ЖЕТІ ШЕЛПЕКТІҢ ерекше ЕКІ рецепті